Өлең, жыр, ақындар

Тұнжыраған жанарын мұң басқанда

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 351
Тұнжыраған жанарын мұң басқанда,
Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда.
Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі,
Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда.
Жым-жырт дүние жымиып жырға ұласқан,
Шумағында жатады мүлгіп аспан.
Төкпеледі, төгілді жырлы дастан,
Қызғалдақтар құлпырды қырды басқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай астында керілді күміс қала

  • 0
  • 0

Ай астында керілді күміс қала,
Ол тынысын алады тыныш қана.
Батқан күнге қарады ол басы айналып,
Шыр айналды шырайы Шығыста да.

Толық

Қою түнде Сам шамы жамыраған

  • 0
  • 0

Қою түнде Сам шамы жамыраған,
Ертегісін шертеді бәрі маған.
Жаңа заман бұзбады мағынасын,
Сол күйінде қалыпты кәрі ғалам.

Толық

Бір ғұмыр

  • 0
  • 0

Бірді бірге қосумен,
Жақсы күнді тосумен,
Қиял бұлт боп көшумен,
Өтеді екен бір ғұмыр

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар