Өлең, жыр, ақындар

Жырла көктем, жырламас халің бар ма

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 567
Жырла көктем, жырламас халің бар ма,
Сағынышын сабылтқан сағым барда.
Көрсем деумен үздігіп жүрген едім,
Дауыл соғып тұратын дабылдарда.
Дауыл кетті, қар көшті, боран өшті,
Сана бастап барады сара көшті.
Көшкен жұрттың орыны елеусіз қап,
Жазылмай тұр сыздаған жарам ескі.
Көкшіл сәуле құйылып тұнық түптен,
Тамылжыр деп құс әні, үміт күткем.
Қанат бітіп қалықтап бара жатыр
Жасыл ту боп шайқалып сырық біткен.
Көгілдір көк, жасыл жер, бояу қанық,
Жаңғырады, түлейді ояу қалып.
Өшпей қалған жүректе Отаным бар,
Ауыл оның есімі аяулы, анық.
Дала деген Отан бар жүрегімде,
Күн шағылып тұрады күрегінде.
Балалықтың елін бір көрсем деумен,
Жүремін де қоямын, жүремін де.
Жайна, көктем! Даламды еске салған,
Шырақ жанып тұрады өшпес алдан.
Желбірейсің жүректе орамал боп,
Маржан тізіп шетіне кесте салған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төгіліп қыркүйектің нұры көктен

  • 0
  • 0

Төгіліп қыркүйектің нұры көктен,
Ақ қайың мұңаяды сыры кеткен.
Үзілді жапырақтар, күз келді... деп
Айналып кете алмай жүр тірі көктем.

Толық

Жаңбыр нұр құйды

  • 0
  • 0

Жаңбыр нұр құйды,
Жүрек жыр құйды.
Маңдай тұсымда
Сәуле сырғиды.

Толық

Жылымық

  • 0
  • 0

Күн дегенің күн де емес, жылтыраған бір шырақ,
Бауырымен жорғалап, әрең жетті күншуақ.
Тасасында таулардың созылып бір жатты да,
Көлеңкелер етегі жиылмады бір шұбап.

Толық

Қарап көріңіз