Өлең, жыр, ақындар

Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 547
Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға,
Гүл де мәңгі жайқалмайды сан қырда.
Студенттік шақты еске алып сағындық,
Алматыда жауып өткен жаңбырда.
Шахановтың жырларынан рухтанып,
Қазақтардың арысына сұқтанып.
Студенттік қайран сұлу шақтар-ай,
Жүретұғын жыр оқыса мықталып.
Бір талантқа бір талантты тең көріп,
Бере алмасаң қара тілмен сен көрік,
Жаңалықтың мықтап ұстап жалынан,
Алып қашып кететінбіз өңгеріп.
Жалғыздықтан жүрмеуші едік жабырқап,
Даңқ дегенге қарайтынбыз таңырқап.
Гүлдей өсіп, желдей есіп келеді
Бізден кейін тағы да бір жаңа ұрпақ.
Ұрпақ артта ілеспесе өскелең,
Неге керек болғандығы қос кемең.
Студенттік күндер кетті бұрылмай,
Естімедік дауысын да қош! деген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкешім, келдің бе деп қарай бергем

  • 0
  • 0

Көкешім, келдің бе деп қарай бергем,
Көктемім көлкігенде арай белден.
Самал жел сауын айтты бар ғаламға,
Дабысы естілді де талай жерден.

Толық

Сапарлар сан қызықты толғап еді

  • 0
  • 0

Сапарлар сан қызықты толғап еді,
Жылы жел қуып жетті жолда мені.
Салқында суық қарға бүріседі,
Жылылық – тіршіліктің ол да лебі.

Толық

Сезімімнен секілді күн тараған

  • 0
  • 0

Сезімімнен секілді күн тараған,
Қырмызы боп көрінді қырқа маған.
Ынтықтығын айта алмай үздігеді
Мен секілді өмірге іңкәр адам.

Толық

Қарап көріңіз