Өлең, жыр, ақындар

Ұлылар әлемінің төресі

Ұлылар әлемінің бек төресі,
Қазақ әдебиетінде зор үлесі,
Аты өшпес, заты өшпес ұлы Абай
Маңдайына біткен елдің несібесі.

Биік болмыс Абайдың құдіреті,
Дәлелдейміз саған деген сый - құрметті
Өшпес мұра қалдырған сенің атың,
Болашаққа себілген үміт оты.

Сара жол салып кетті жас ұрпаққа,
Айшықтап көрік берді қазақы атқа,
Абайдың ұлылығын ұлықтасаң,
Әр өлеңін санаға түйіп жатта!

Ажыратып өмірдің ақ қарасын,
Түсіндірер адамдықтың бар бағасын.
Адамдықтан адаспаудың адал жолын,
Абайдың әлемінен таба аласың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз