Өлең, жыр, ақындар

Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 255
Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан,
Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан.
Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен
Жайнаған дүние, сенімен әзір қоштаспан.
Сенімен әзір қоштаспан, дүние, тұра тұр,
Деміңді басып, айтсаңшы маған бір ақыл.
Толқыны асау атылып тынбай аспанға,
Ентігін теңіз баса алмай жатыр сұрапыл.
Толқындар асау атылды тынбай аспанға,
Тірлікке деген бір үміт қалды жас жанда.
Шарықтап ұшып, көгалға қайта құладым,
Аспанды шулы жым-жырт боп жұлдыз басқанда.
Алдында үйдің күн санап биік өсті емен,
Тербелген талдар, мен саған әзір қош демен.
Келгенде іңір ыңылдап қана ән салып,
Күн менен нұрдың суретін салдым кестемен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды

  • 0
  • 0

Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды,
Айым қалды, аспанда күнім қалды.
Жапырақтар желге ұшып, тал қартайды,
Сұрамай-ақ қойыңыз бүгін халді.

Толық

Тауға да ұрдың басыңды

  • 0
  • 0

Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.

Толық

Қара түн, қара көздің нұры сынды

  • 0
  • 0

Қара түн, қара көздің нұры сынды,
Ұнатам жорға мінез жүрісіңді.
Бір белгі соғу үшін кеткен жылға,
Құя бер, қалыпқа сал құрышыңды.

Толық

Қарап көріңіз