Өлең, жыр, ақындар

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам,
Жарық сәуле, сүйеу боп жүрші маған.
Шаттығымды, қайғымды тілмен айтып,
Қандай бақыт, күле алам, күрсіне алам.
Жүрегімді ақтарып көрші бүгін.
Білдірмейді мұңымды өршіл үнім.
Көздеріңді көздерім сүйіп қалды,
Жан шуағын жаныңның берші, күнім.
Жан жылуы біреудің ұнаған сәт,
Махаббатты шынайы тұрам аңсап.
Сенімді дос керегін сездіреді
Қалықтаған, сүрініп құлаған сәт.
Шарықтаған шағымды ұқтыр, үнім,
Асқақ дауыс көмейден шықты бүгін.
Сүріндірмей келеді, сезіндіріп
Менің нәзік жүрегім мықтылығын.
Шарап іштім бақыттан. Шалқыдым сан,
Тілекші көп табынған. Қалқып ұшам.
Жалын болып жалынға қосыламын,
Жүректерде жарық боп шарпылысам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір кеште самала болып шам жанған

  • 0
  • 0

Көгілдір кеште самала болып шам жанған,
Қанатын жайып ұша алмай құс боп қалды арман.
Қалғумен қалған қараңғы түннен жалықтым,
Ақ сәуле көргім келеді менің таңдардан.

Толық

Маусым келе жатыр

  • 0
  • 0

Маусым келе жатыр,
Жаз әуенін айтып,
Даусын кенеп жатыр.
Жапырақтар көктеп,

Толық

Аттаныс

  • 0
  • 0

Бала ақын тұла бойын діріл басып,
Қолында жыр дәптерін үңілді ашып.
Асыққан қызын жолдан бөгей берді
Әжелер әлденені ырымдасып.

Толық

Қарап көріңіз