Өлең, жыр, ақындар

Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 568
Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда,
Сексеуілді сындырмас қарлы құмда.
Жүрек құрғыр саңқылдап сөйлеп кетсе,
Дауыстаймыз, болмайды қарлығуға.
Мен ұмытқым келеді көп нәрсені,
Бастау үшін қайтадан барлығын да.
Шіркін, мезгіл! Шектеме сынабыңды,
Қылышыңды, қоя тұр қынабыңды.
Жібек желге жалауы желбіреген,
Мен қайтара алмаймын мына күнді.
Сулар біткен сусыды әкетем деп,
Жылымық күн жеткізген жылы ағынды.
Қария күн басында ақ дағара,
Ұқсамайды даналық қап-қараға.
Шежіре жыл шешуін жаза білсең,
Ақ көңілмен түйткілін ақтара ма?
Шымшықтардың шырылы шаршатты ма,
Бұлбұл әнін күтеді бақтар ана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен

  • 0
  • 0

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен,
Ажырамай қазақылау елдіктен,
Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын,
Жер шарынан, параллельдік ендіктен.

Толық

Құстарға жем бергенді ұнатамын

  • 0
  • 0

Құстарға жем бергенді ұнатамын,
Өйткені баласымыз бір атаның.
Құстың да, адамның да қанаты бар,
Қонатын тұғыры бір – ұлы Отаным.

Толық

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген

  • 0
  • 0

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген,
Шықты да бұлттан, аппақ ай жүзді көкпенен.
Арман бар менде толықсып туған ай сынды,
Ұшсам да оған, созсам да қолым жетпеген.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар