Өлең, жыр, ақындар

Бұлақтарым үн құсап

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 390
Бұлақтарым үн құсап
Күмбірледі.
Бұраң қағып жолдарым
Жүрдім деді.
Жол мен бұлақ,
Күтіңдер үміт үзбей,
Мен сендерге оралам
Бір күндері.
Жусандары даланың
Бұрқыраған,
Бұрқыраумен тұрса ғой
Шіркін, әман!
Ұнап қалды
Ғажайып дүниенің
Жарқыраған ғажайып
Тұрқы маған.
Тырна біткен
Келдім деп тыраулаған,
Өзен толқып ағады
Сыр аулаған.
Мені тастап кеттің де,
Ұмыттың... деп,
Бала күнім жәутеңдеп
Тұр ауладан.
Ай сәулесі дірілдеп,
Толқып ағып,
Арық біткен сылдырап,
Шолпы қағып,
Бір жақсылық хабарды
Жеткізуге
Асығумен барады
Қалқыма бұлт.
Бір-бірімен өтеді
Жарысып той,
Бал татыған қымыздан
Ал, ішіп қой.
Адамзаттың ардақтар
Асыл айы
Көктем осы болады,
Танысып қой!
Жасыл жаңбыр жауады
Дүркін-дүркін,
Жаңбыр жауса ашылар
Көңіл шіркін!
Кемпірқосақ секілді
Мың құбылған
Бұл дәурен де басыңнан
Өтер бір күн.
Кеме қалқып барады
Сызықпенен.
Пойыз зулап барады
Қызықпенен.
Жылдар жүйткіп ағады
Желге айналып,
Қауырсынын мезгілдің
Үзіп менен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала

  • 0
  • 0

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала,
Ақ қарға өлең жазды аппақ ана.
Әйелдің бар бақыты баласында,
Бұлбұлдың сайрар кезі бақта ғана.

Толық

Тыңдағаны арзан ән

  • 0
  • 0

Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.

Толық

Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа

  • 0
  • 0

Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа,
Күнім, маған жанарыңды бағышта.
Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп,
Бір міні жоқ шабыста.

Толық

Қарап көріңіз