Өлең, жыр, ақындар

Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 593
Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа,
Күнім, маған жанарыңды бағышта.
Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп,
Бір міні жоқ шабыста.
Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп,
Моншақ жанар көкжиекке тесіліп.
Қалып қойған төбелерге қарадым,
Бір арманым жететіндей кешігіп.
Қап-қара түн, қалғып қалған қара мұң,
Көздеріне оның тура қарадым.
Саған бүгін созсам қолым жетер ме,
Маң далаға маңып кеткен маралым.
Баурайында отау тігіп Шыңғыстың,
Мен тағы да жалғыз қалып, мұң құштым.
Жанарымды алдарқатып барады
Үміт оты секілденіп түнгі ұшқын.
О, түнгі ұшқын, шуағыңды себеле,
Сені сосын көтеремін төбеме.
Аждаһадай алға ұмтылып барамын,
Айырбас тау, ағысымды бөгеме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп

  • 0
  • 0

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп,
Сүйеп кел мені, келетін болсаң, кел, демеп.
Ішінен бұлттың лайнердің даусын естісем,
Қараймын көкке, жете алмай қалған сен бе деп.

Толық

Бұрқыраған күндердің бұршағында

  • 0
  • 0

Бұрқыраған күндердің бұршағында,
Берілуге болмайды мұнша мұңға.
Мен өзіңе тағы да күліп келем,
Ауруымнан айыққан бір шағымда.

Толық

Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды

  • 0
  • 0

Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды,
Күлімдеген, өйткені, күн сұрайды.
Кібіртіктеп көлеңке кідіріп тұр,
Келе жатқан секілді жыл шырайлы.

Толық

Қарап көріңіз