Өлең, жыр, ақындар

Тамылжытып тереңім тар түнекті

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 442
Тамылжытып тереңім тар түнекті,
Лапылдаған жанартау шарпып өтті.
Ормандарға ойланып үңілгенім -
Аяқтамай тұрғаным жарты бетті.
Толқимын деп тұңғиық жанталасты,
Биден озып шығам деп ән таласты.
Аспан әнін айтуға дауысы алтын
Алты қазым айналды алты алашты.
Сыңсығанда төбемнен құстың әні,
Сонша сұлу көрінді ішкі мәні.
Қара түсті өлкеде қар көшеді,
Боранының дыбысы ышқынады.
Қара түсті өлкеде қар көшеді,
Бағаланып бақытқа әр кесегі.
Аппақ гүлдер жабады бар көшені,
Мөлдірлікке тұнады Ар кешені.
Шымшық мезгіл жаға алмай шамшырақты,
Әуелеген көңілден ән сұратты.
Қарлығаштың қанаты тоңып қалды,
Нысана қып ұшқанда қарсы бақты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күндерім менің пернемен айтты көп күйді

  • 0
  • 0

Күндерім менің пернемен айтты көп күйді,
Домбыра жылап, бұралып келіп шек түйді.
Шатыр да шұтыр тілініп аспан сәуірде,
Ұйқыда жатқан найзағайларға от тиді.

Толық

Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық

  • 0
  • 0

Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық,
Таңдар атты тағы да бір мұнартып.
Ине-жіптен жаңа шыққан жас күннен
Көпті көрген көне кезім мың артық.

Толық

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар

  • 0
  • 0

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар,
Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар.
Жел үзгенде жылатып жапырағын,
Сағыныштан сарғайды сары баулар.

Толық

Қарап көріңіз