Өлең, жыр, ақындар

Мен анамның әлдиімен өскенмін

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 522
Мен анамның әлдиімен өскенмін,
Мен әкемнің айбарынан сескендім.
Тыным таппай кеңістікті шарладым,
Жүрдек мезгіл тұсауымды кескен күн.
Қыран көрдім, қалықтадым тау маңын,
Сұңқар көрдім, сорғаладым, сауладым.
Құс қанатты жаралғасын пенде боп,
Туған жердің топырағына аунадым.
Арманы жоқ құс қанатты пенденің,
Қанатымды қақпағаным – өлгенім.
Адамзатты жүрекпенен танимын,
Соқыр болып тумағаным ол менің.
Арғымаққа тақым тисе жүйткідім,
Көз ұшында құйын болып ұйтқыдым.
Саңқылдаған самал желге қалдырғам
Көңілімнің шешілмеген түйткілін.
Күнді көрдім көкжиекте керілген,
Таңды көрдім махаббатқа берілген.
Менің тілім жүрегімде сөйлейді,
Жан сарайын жеткізе алмай ерінмен.
Тәрбиемен келген болар тәлімім,
Салтанаты кеппей қойды сәнінің.
Анам айтқан бесік жыры бір тынбай,
Әлдилеумен келе жатыр әлі күн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім

  • 0
  • 0

Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім,
Гүлге оранған қаланың тұрғынымын.
Бүлдіршіндей талпынған өтіп жатыр,
Көз алдымда бір сәтім, бір қылығым.

Толық

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі

  • 0
  • 0

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі,
Үйіріліп үйрекпен шанақ бойлап күй кеті.
Ұшпайды алыс жаққа ол, қайта айналып келер деп,
Бүлкілдетіп барады тәтті дәме бүйректі.

Толық

Сырдария

  • 0
  • 0

Армысың, Сырдың елі, жырдың елі,
Төбеңде қалықтайды нұрдың өңі.
Дүрсілі жүрегімнің діріл қағып,
Өзіңе еріксізден бұрды мені.

Толық

Қарап көріңіз