Өлең, жыр, ақындар

Уыз аңқып сәбидің жөргегінен

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 494
Уыз аңқып сәбидің жөргегінен,
Жусан исі бұрқырап өрде кілең,
Тақиясын шешкенде, тер аңқыған
Әкем исі жетеді төрдегіден.
Жаздың исі шығандап өрік – талдан,
Деміне оның елтисің, көріп, қарғам.
Алақанның исі бар мына құртта,
Өзегімді талдырмай сорып барған.
Кекілінде баланың күн исі бар,
Таба нанда бидайлы ұн исі бар.
Балдыр аңқып теңіздің тылсымынан,
Жағалауда ақ шаңқан құм исі бар.
Төс қағысып, досыңмен көрістің бе,
Жайлау демін шалқытты өріс күнде.
Қымыз исі шығады қазағымнан,
Өмір исі тұрады Жер үстінде.
Күлдің исі киіз үй құрымында,
Айран исі арудың бұрымында.
Әдеп исі бабамның ғұрыбында,
Наным исі әженің ырымында,
Таным исі, татиды бірі мыңға.
Көк аспанды шарласа кептер демі,
Зымыраса бөкендер бөктердегі,
Намыс исі атойлап тұрманынан,
Арғымағым жорықта көп терледі.
Қуаныштың исі бар, құсаның да,
Қыздың исі жігіттің құшағында.
Көк жүзінде қалықтап жүреді ылғи
Арман исі ақ лайнер ұшағында.
Қызғалдақтың иіскейсің гүлдегенін,
Бал татыды тынысың, үндемегін.
Күні жұпар аңқыған, Жері жұпар,
Отанымның исі ғой бұл дегенің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа

  • 0
  • 0

Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа,
Күнім, маған жанарыңды бағышта.
Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп,
Бір міні жоқ шабыста.

Толық

Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман

  • 0
  • 0

Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.

Толық

Шаңқай түс

  • 0
  • 0

О, ғажап, жарқын дала, жарқын дала,
Ұлылық – ұмтылыс бар парқыңда да.
Тірлікке кештеу келіп қалғаннан соң,
Көремін ұлы көштің артын ғана.

Толық

Қарап көріңіз