Өлең, жыр, ақындар

Суретке түсірді

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 184
Дәптерге егіп, лала, раушан, түр-түрін,
Үлбіреумен өтті бүгін – гүл-күнім!
Шырын-сезім жапырағын сілкідім,
Суретке түсірді – найзағай!

Мөлдір өзен шомылдырып, жырымды
Мөлдір тұсқа алтыбақан құрылды!
Қызғалдақтан көрінбеген түрімді
Суретке түсірді-найзағай!

Көл көркінен аумай қалды, көңіл де,
Жырым ұшты – самал желдің жеңінде!
Самғап келем, түсімде, әлде өңімде,
Суретке түсірді, найзағай!

Мақпал түнде мұң-мұхитқа Ай батып,
Ойлы өмірді періште-әнмен тойлатып.
Дала төсін жыр-жаңбырыммен тойлатып,
Суретке түсірді, найзағай!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғажайып нұрға шомылдым

  • 0
  • 0

Көгілдір дүниенің ішінде
Көгілдір боп жүрдім, түсімде.
Көк жақты ұнатқаным үшін бе,
Ғажайып, нұрға шомылдым.

Толық

Мың гүлді құшақтап тұрмын

  • 0
  • 0

Жанымда жарқырап өлең
Мен оны халқыма берем.
Жұпары – аңқыған ерен,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!

Толық

Алтын аспан

  • 0
  • 0

Бір орманды жұтып ап,
Теңселеді, жыр-жапырақ ішімде.
Түн пердесін тұтып ап,
Рухым құбылады, тауыс түсінде!

Толық

Қарап көріңіз