Өлең, жыр, ақындар

Жалғызым сен

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 848
Тылсымдағы тереңіңе қарай алсам, келермін,
Иләһи қызметіңе жарай алсам, келермін!
Бойымдағы арамшөптен ада болсам, келермін,
Жырым, Жалғызым - Сен!

Жасыл шығып, жердің төсін жайнатқанда келермін,
Мөлдір көлге сүтін төгіп, Ай батқанда, келермін!
Алтын ғасыр алтыбақан ойнатқанда келермін,
Нұрым, Жалғызым – Сен!

Көкжиектен жарқ еткенде – мың найзағай, келермін,
Дүниеге көңілімді бір байламай, келермін!
Періште-әуен сыңсытқанда, сырнай-сарай, келермін,
Пірім – Жалғызым Сен!

Сен көктеткен мың қызғалдақ – алауласа, келемін,
Жаратқанның әмірі мен қалауы боса, келемін!
Ишқ-шарап жұтып, бір күн, таң аунаса, келемін,
Күнім – Жалғызым Сен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббатың мақамы мың хикметтен тұрады

  • 0
  • 0

Сағыныштың сазынан жүрек-құмыра сыңғырлар,
Тұңғиық сол тылсымның сырын айтса, бұл Гүлнәр.
Көзден жасын төгеді, аңыратып, бұлбұлдар,
Махаббатттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Толық

Күнікей қыз

  • 0
  • 0

Шыршаның жүрегінде тиын отыр,
Сап-сары, үлпілдеген сезім болып.
Сел-нөсер көк төсінен құйып жатыр,
Менің сексен көл болған кезім болып,

Толық

Көркем жырымды жазып

  • 0
  • 0

Күн бұрымында дірілдеп, шолпыдай жырым,
Теңіз көңілім тасыды, толқыды-ай, бүгін!
Әуен боп кетті, ауада – шалқып-ай, сырым,
Көркем жырымды жазып.

Толық

Қарап көріңіз