Өлең, жыр, ақындар

Құздағы шынар

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1012
Ақынсың, Апа,
Махаббат мұңын қозғаған,
Кеудеңде сезім
алау боп мәңгі маздаған!
Жан-жүрегіңнің өзі деп соққан дүрсілін
Ұғады сенің сағыныш толы боз далаң.
Көңілің құштар,
өлеңнен өрнек іздеген
шаттықтан, мұңнан жаралған жансыз Сіз деген.
Сіз бірге ғұмыр кешесіз мәңгі, жан-апа,
Жап-жасыл Көктем және де қоңыр Күзбенен!
Алай да дүлей
Іштегі дауыл сезілмей,
Кездерің аз ба
Сарыла таңда көз ілмей,
Ақ қайың билеп,
Көк нөсер көктен селдеткен -
Жан бар ма, апа, өмірді білер өзіңдей!
Әр жырың мына -
тағдырдан берген хабаршың,
Өткеннен жеткен күндерден бақыт табарсың.
Қолыма алып оқиын отты жырыңды,
менің де дауыл көңілім бір сәт тазарсын.
Адамдар бар ма тағдырдан азап шекпейтін,
Бұлт басып бейне түнерген - сынды төкпей күн.
Шынарсың, Апа, өрмелеп өскен құздағы,
Көктемде, қыста жапырағы мәңгі көктейтін.

Астана.
30 маусым, 1998 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім кінәлі?

  • 0
  • 0

Бапақ шықты тақтаға,
Көздегені «бес» еді.
Жазды есепті мақтана
Үйге берген кешегі.

Толық

Туыстық – тым ыстық

  • 0
  • 0

Алақай! Балақай!
Нұр тұнсын көңілге.
Қуат та, шуақ та,
Бәрі де сенімде!

Толық

Ең қымбатым менің

  • 0
  • 2

Атам мені үнемі,
«Құлыным» деп жүреді.
Әжем маған сенеді,
Ертегі айтып береді.

Толық

Қарап көріңіз