Өлең, жыр, ақындар

Балық қиссасы

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 280
…Базар маңындағы дүңгіршекті көлеңкелеп, бір жасар шамасындағы қызын алдына ұстаған жесір әйел қайыр сұрап отыр. Қашанғы жетіспеушіліктен тұратын тағдырына бетбұрыс жасауды үнемі ойлаумен жүретін қоңыр қалта жас ақын қалтасындағы соңғы жармағын оның алдына уыстап тастай салып лашығына жаяу жол алды…

Жұмыссыз журналистің күнделігінен.
Жұмақтың деміндей бұл Шығыс аңызын,
Есімді шақырдым ерініме тамызып...
Кержағал өлімнің соңынан жол алған,
Керуендер ізімен өмірге оралған.
Топан су зауалын мың жылға шегерген,
Ізгілік мұраты о, неткен өлермен!
Бір минут үнсіздік!
Суалған жанардың,
Бір минут үнсіздік!
Су алған ғаламның.
Көркі үшін және де көктем мен күздердің,
Ақ жаңбыры өшірген көмескі іздердің.
Құрметі үшін деп құрсақта аунаған,
Сәбидің үмітін санамен қорғаған.
Иллахи жазбадай жоғалған бір беті,
Қазірше осылай адамзат құрметі.
Тозақтың алқызыл жалыны лапылдап,
Дәл осы сәтімдей жауапқа шақырмақ!
Бір тамшы көз жасы!
Мейрімді һәм ізгі,
Сол оттан құтқарып алатын тәрізді.
Табаның астында күрең түн кісінеп,
(Сені ажал себепсіз босатсын тісінен).
Бір тамшы көз жасы!
Азалы һәм мұңлы,
Көпірден тосатын сияқты алдыңды.
Қу жаным сен үшін,
Құрбандық жиғаным,
Кешірсін тек қана Паруардигарім!!!
Ізгілік мұраты!
Белгілі тозбасы,
(Дәлелдеп жатпаймын оны енді өз басым!).
Құтқарып кетсе тек, Ахирет сотынан,
Жүзіңнен сырғыған бір тамшы көз жасың…

24. 02. 2010ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

731 жыл. Күлтегіннің соңғы сәті

  • 0
  • 0

Е, Білге ағам, ер Қаған!
Тірліктегі өкпең болса бер маған.
Тұман көрдім Селенгіні қаптаған,
Соңғы сәтім сес жасап тұр,

Толық

Алматы жолдары

  • 0
  • 0

Масаңдау ақынның елесін аңдыған,
Күңгірттеу көшеде есіней қалғыған.
Қалып ең қайғыра қош айтып егіліп,
Арзанқол шарапхана алдынан.

Толық

Алматылық шайыр досқа

  • 0
  • 0

Ақ тұманның астында аяз бетті қарыған,
Алматыда, нөсерде ақындардай арыған...
Аттиланың атының дүбірінен үріккен,
Қоңыр аңдай сендерді сағат сайын сағынам.

Толық

Қарап көріңіз