Өлең, жыр, ақындар

Жұмбақтас

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 870
Бірде – кемпір, бірде – қыз,
Су кешіп тұр іргеңіз.
Сіз отырған қайықтан,
Білінбейді жүрген із.

Ешкімге тәу етпейсіз,
Қозғалып та кетпейсіз.
Күншығыстан жол тартып,
Күнбатысқа жетпейсіз.

Айдын көлге құмарсыз,
Мойындағы тұмарсыз.
Сүйгеніне жетпеген,
Ханның қызы шығарсыз!

Бұл махаббат-шөл екен,
Қасіреті мол екен.
«Мақсатыңа жетпе!» деп,
Қарғады ма, Хан - әкең!?

Қайырлады қайығың,
Табылмады лайығың.
Тас боп қалар соншама,
Ауыр ма еді, айыбың?

Ғасыр өттің ,жыл бақтың,
Шаршадыңыз, қымбаттым.
Бірақ, жалғыз емессіз –
Мен де - таспын, жұмбақпын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шәмші рухына..

  • 0
  • 0

Қыз болып, қылымсынып танысқам жоқ,
Жігіт боп стақан да қағысқам жоқ.
Сенімен жақын едім, біліс ем деп,
Атағың шыққан кезде жабысқам жоқ!

Толық

Оралмандар туралы ой

  • 0
  • 0

Оралмандар, оралғандар –
Аппақ нұрдан жаралғандар,
Жазықсыздан – атылғандар,
Жапа шегіп – қамалғандар!

Толық

Сатпайтын нәрсе қалмады

  • 0
  • 0

Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?

Толық

Қарап көріңіз