Өлең, жыр, ақындар

Әйтседағы, бар ғой менің жауабым.

Кейбіреулер сыртымнан айтып жатады,
Тік мінезді, өр көкірек деп бар жаманды.
Айтса айтсын деп жымия саламын,
Әйтседағы, бар ғой менің жауабым.

Көкірекпін себебі ренжітті,
Мықтымын себебі жанымды ауыртты.
Батылмын енді қорықпаймын,
Енді мен күліп жүремін,
Не үшін,кім үшін өзім білемін.

Керек жандар үшін өмір сүремін,
Адал достарыммен біргемін.
Араласамын сенген жандармен,
Ар-намыстың туы биік мен үшін,
Алғысым шексіз мені бағалағанға,
Берсін құдайым, бақ пен дәулет оларға.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз