Өлең, жыр, ақындар

Сапфомен сырласу

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 585
- Жүрегімнің берердей қанын сығып,
аялаған жандарым жаным шығып
мені өзгеден көбірек жаралайды,
жүрегіме жамайды жаңа қайғы.
Сапфо

Тағдырым әлсіздігімді сынайды әр күн,
мен талай толқындарда шыр айналдым.
Ал, саған қызығамын Отандасы,
жылдасы болғаныңа құдайлардың.
Өнер-шың,
шығу — әйел адамға сын,
шыдамай сындарына тамар жасым.
Ал сені бірі жасқап, жараласа,
емдеген шығар басқа замандасың.
Өмірдің жолында ығай-сығай шыңдар,
жетеді өнерсіз-ақ былай сындар.
Жырыңмен егіліпсің,
бейне сенің
шешкендей тағдырыңды құдайсыздар.
Тағдыр бір — төбетсің бе, құмайсың ба —
болған соң
қалар денең лай, сызда.
Білмейсің кімдер тірек болатынын,
тайғанап құз-шатқалдан құлайсың да!
Біреудің сыздады деп тоңда жаны,
жүгірдің жаның шығып, қорғап әрі.
Бір шындық — түбі өзіңмен сол жауласып,
жүйкеңді түбі кәміл сол жонары.
Қалған ба құдайлардан бұл заңдылық,
әйтеуір, жетті бізге жылдарды үгіп.
Адамдар адалды да, қимасты да
жүреді мүддесіне құрбан қылып.
Құдайлар дәуірінде біз көрмеген
жоқ деуші ем өнерліге құз көлденең.
Көруші ем болмағандай ол кезде адам
жаныңды қалшылдатар мұз демменен.
Пірі өзің өнер қуған бүкіл қыздың,
сен нүкте, қалғанымыз үтірміз мың.
Бірақта налып өттің бұл ғұмырдан.
Ауа деп жұтқанымыз - түтін біздің!
Күзетіп сыпсың толы түнді үрейлі,
жүрегім жанды басқан мұңды ірейді.
Қадірлім өз алдына, жаттар
мені
білмей-ақ ту сыртымнан тілгілейді.
Нәр берген жырларыма, жан, жарыма,
кездескен қимастармен таңда мына
сүйемін барлық жақсы, жаманымен,
әйтеуір, жыламаймын тағдырыма!
Көп әлі жер бетінде лай, сыздар…
Мендегі тірлікке Сіз шыдайсыз ба, ал –
өмір сол баяғыдай,
бірақ менің
шешуде тағдырымды құдайсыздар.
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл құшағында

  • 0
  • 0

Қарлы боран әндетті,
қар инелер түйреді.
Денем мұздап, жан кетті
сені құшып сүйгелі.

Толық

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен

  • 0
  • 0

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен,
үлкен-кіші тұғыр ма әрең жеткен –
өзгертеді әйтеуір адамды ылғи,
өзгереді бәрі де әлемде өктем.

Толық

Жүргенім-ай

  • 0
  • 0

Жүргенім-ай
ештеңені, ешкімді сағына алмай
(сағынышсыз тірліктің мәні қандай?!).
Жүрегімде жараның табы бардай.

Толық

Қарап көріңіз