Өлең, жыр, ақындар

Елес

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 842
Жаз. Жайлау. Көлбейді алыс бел керіліп,
Қарасаң кернейтіндей кеудені үміт.
Еңкейіп жерге үңілген көк аспанның
алқасы тұр қол созым жерде ілініп.
Мал өріп: сиыр – сайға, жылқы-қырға,
жазыққа түйе атаулы ұмтылуда.
Қой-ешкі көк беткейде жамбастайды,
кіргендей шалғынға емес, ұрты құмға.
Күн нұры шашып бүкіл аймаққа құт,
сайларда бу кілкиді қаймақтанып.
Құнанға жайдақ мінген бозбалалар
келеді, малды өріске айдап салып.
Ақбоз үй, ішіне енсең – бүкіл ғалам!
Тіреп тұр сыртта көкті түтін-баған.
Самаурын бұрқылдаса от басында,
қазанда сары бауырсақ тыпырлаған.
Жеңгелер көзді жаулап сымбат, әрі,
әзілмен қайныларға тіл қатады…
Осындай ел бар еді, жаны-жайлау,
ақылгөй қариялы, жыр – баталы.
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қимастарым

  • 0
  • 0

Достар барда
тірліктің күйбеңіне қалмай батып,
қимастық сезімдерді жалғайды уақыт,
өмірдің сан тараулы жолдарында

Толық

Бұлақ-ескерткіш жайлы әндер

  • 0
  • 0

Туған жердің бұйырмай беткейі де,
мекен болды жат елдің құба белі.
Көйлегі де қалды ғой жетпей үйге —
көз жасымен анасы жуар еді.

Толық

Қанат хикаясы

  • 0
  • 0

(Жаңа жылдық ертегі)
Арасымен орманның,
белес-белес жолдардың,
теңізді де бір аттап

Толық

Қарап көріңіз