Өлең, жыр, ақындар

Күз көрінісі

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1042
Таразы. Шөп сарғайған. Күн жайдары.
Әндеткен сыбызғы үнді қурайлары.
Жайлаудан көшіп қонған ауыл түгел
күздікке үйді де ықшам ыңғайлады.
Киіз үйде түрілмейді ірге де енді,
суық күз береді әзер түнде белгі.
Есейген күздік құлын, тентек торпақ
бірге өріп енесімен сіргеленді.
Сабырмен баяу ғана ағып бұлақ,
жатқандай жазды ұзатып налып қырат.
Күздікке сойылады қыстан шығар
қоңы жоқ кәрі-құртаң, арық-тұрақ.
«Жақын, - деп, - енді күздің ызғар күні»,
қоштасса құстар, жанның сыздар мұңы.
Тезек пен сексеуілді су сіңді ғып,
апталап тұрып алар күз жаңбыры.
Ауылда арқын-жарқын аз бүгінде,
не жетсін жайлаудағы жазғы күнге.
Текемет, кілем тұтқан отаудағы
қыздардың сағыныш бар назды үнінде.
Күздікте мал тұрмайды қорада әлі,
ит-құс бар, ізім-қайым жоғалары.
«Жел болар – жұлдыз сирек», - деген
қарттың
келеді ертеңіне жорамалы.
Болса да аз шуағы мол қырмызы күн,
қалғандай сонда менің бір қызығым.
Алмасып жел мен шуақ, жұлдыз бен бұлт,
көп еді бояу, нәрі қыр күзінің.
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жерошақ

  • 0
  • 0

Түнгі аспан моншақ тақты бұлты ашылып
келеміз сайларды асып, қырқа шығып.
Жырақта жерошақтан лаулаған от
жылылық құндағы боп тұр шақырып.

Толық

Ұйқысыз түндер

  • 0
  • 0

Болды ма ұйқы сонау бір сызды, қарлы
Арпалысқан ұрыстар даласында.
Ұйқы деуге бола ма мызғығанды
Өлім менен өмірдің арасында!

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Қатқақ күз. Дала құнысып,
жүзінде қалмай жаз рай.
Кимеген адам бұғы ішік,
бүрсеңдер арық тазыдай.

Толық

Қарап көріңіз