Өлең, жыр, ақындар

Тілеу

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1021
Өмір деген сынақта
күн кештім күліп, жылап та.
Тұрсам да сайдың түбінде,
ұмтылдым тау деп қыратқа.
Құлағымды салып бір үнге,
көзімді тіктім жыраққа.
Жүрер де, мүмкін, ел-жұртым
соңымнан мені сынап та.
Мына жалғаннан мен, мүмкін,
жетпей өтермін мұратқа.
Міне алмай арман –құр атқа,
түсермін әлі сынаққа.
Тірлдіктің құйын – желі үркек,
ұшармын ұқсап тымаққа.
Жасаған ием, мені тек
Ардың атынан құлатпа!
1993
***
Бес қаруым бойдағы – батыл жырым,
батылдықпен аралас жатыр мұңым,
биліктіге жұғысар ебім де жоқ,
немесе алыс – берісім, жақындағым.
Қорғайтын да шырылдап жырым мені,
мен жыласам, ол бірге дірілдеді.
Қылығымнан қырсыққан түңілсе де,
мені тастап ешкімге жүгірмеді.
Түсті жырым менімен неше өткелге,
тағдырдай дос жәрдемін есептер ме!?
Ата жерін қорғаған батырлардай
тосады өзін мені атқан кесектерге.
Тірек болар, дем берер сесті күнде
жырдан басқа жоқ менің ешкімім де.
Өнер – мұхит,
ағысты толқындарын
жырым ғана менімен кешті бірге.
Шығарса да шыңғырып ақырғы үнін
билігі жоқ елесін ақынды кім.
Елемесін. Түбінде туған елдің
кәдесіне бір жолғы татыр жырым.
Жүрген кезде өткелге, оққа ұрынбай
көрдім талай жандардың достығын жай.
Ел – желіні бетке алып келеміз біз
енелерін іздеген қос құлындай.
1996



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық шақпен қоштасу циклынан

  • 0
  • 0

Алыс қалған балалықтьщ пәк дәмін
таңдайыма келтіріп,
қызым менің қия алмаған шақтарын
қайталайды ентігіп:

Толық

Тынбайды жүрек алқынып

  • 0
  • 2

Тынбайды жүрек алқынып,
Қай жаққа барып жай табам,
келгендей маған жалқы жұт.
назымды кімге айта алам?

Толық

Сандуғаш

  • 1
  • 5

Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме –
шақырды мені мәңгі Күн еліне.
Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс
ұясын салды ма екен жүрегіме?..

Толық

Қарап көріңіз