Өлең, жыр, ақындар

Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 889
Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң
қайғыдан аласұрдым, сүріндім мың.
Еш пенде шыдамастай қылығыммен
сендерді қаншама рет түңілдірдім.
Азабын тартуменен күншіл күннің
шаттанар сәттерде де үнсіз күлдім.
Опасыздарға деген кек-ызамды
сендерге төгіп қанша күрсіндірдім…
Кейде, рас, қыңыр мінез, сыңаржақпын
(сонда да еркелеттің, бұлаңдаттың).
Сендерді ренжіттім біле тұра,
соныма қаншама рет жылап жаттым…
мен жұртқа ұнасам деп тырыспадым
(ойсызбен мүмкін емес ұғыспағым).
Шындықты көлгірсімей көзіне айттым,
сол үшін кезеді әркім қылыштарын.
Мен болсам, ызаландым барлығына,
жұрт маған қимай ма деп таңды мына.
Күрсінсем күлімдеді кейбіреулер,
тек сендер ортақ болдың зар-мұңыма.
Әйтеуір сендер мені тастамадың
(шынында арналса да басқаға әнім!).
Ешкімнен сескенбеймін.
Тек сендердің
осы бір ниеттеріңнен жасқанамын.
1978



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырдағы қыс

  • 1
  • 3

Түнімен долы дауыл құрыстаған
секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
маужырап байтақ дала тыныстаған.

Толық

Кім көрінгенге, көп жайға

  • 0
  • 0

Кім көрінгенге, көп жайға
көңілім толмай, күйініп,
өзімді өзім жегеннен
мақсатына біреуі жетті ме?

Толық

Неткен сұмдық түсінбеу

  • 0
  • 0

Неткен сұмдық түсінбеу:
бір-біріне жаны жат құдды бөтен,
сөйте тұра құшақтап аймаласқан.
Түсіну де дәл сондай сұмдық екен –

Толық

Қарап көріңіз