Өлең, жыр, ақындар

Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Мені пәк деп жүрсіңдер, таза жаны,
ақ бұлақтай мөлдір деп ғажап әні.
Биліксіз жұрт, бас шайқап қоясыңдар
білмей жүр деп қадірін қазақ әлі.
(Ел елемей, жүр деуге дос ұға алмай
бір басымда жоқ әзір шошынар жай).
Қадірімді білгенде мен шіркінге
артық ақыл, даналық қосылардай.
Сене бермей жылауық жырға, сірә,
көз салыңдар ісіне, тұлғасына –
мен дегенің кәдімгі күнәһармын,
қылмысым көп жететін бір басыма.
Періштесіп, адалсып жүргеніммен,
созған болып қолымды Күнге күлген,
ой-баламның талайын тұншықтырып,
бүрісемін тышқандай інге кірген.
Ойларымды өлтіріп жанын құрттым,
содан қанға тойымсыз мәнімді ұқтым.
Оған куә жүрек пен арым ғана,
олардың да қаншама тауын жықтым!
Туғызуға ойымның жалқыларын
ұятсындым, қорықтым, қалтырадым.
Сәбилерін жерлеген ана сынды
жер бетінен жай таппай шарқ ұрамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағынып оралар ма ем

  • 0
  • 0

Сағынып оралар ма ем
алыс жолдан жеткенше асық болып,
сен бар-ау деп шаттықтан тасып-толып,
дүниеде көзіне басқаны ілмей,

Толық

Фрагменттер

  • 0
  • 0

Бірінші әуен
Өлгендермен бірге өліп
қаншама рет түңілдім.
Сосын тағы өлмейтұғын жыр болып

Толық

Жаңа жылға тілек

  • 0
  • 0

Ұршықтай уақыт дөңгелеп
жеткізді тағы бір таңға.
«Қош келдің, Жылым, төрле!» – деп,
үмітпен қарар жұрт алға,

Толық

Қарап көріңіз