Өлең, жыр, ақындар

Ойларым менің – тамырын жайған гүл шыбық

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1004
Ойларым менің – тамырын жайған гүл шыбық,
талпынар күнде сәулелі нұрға ұмсынып.
Тірлікке бейуақ шырылдап келген сәбидей,
қалайды жаны тұрғанын мәңгі күн шығып.
Ойларым дәйім жанымнан мөлдір мұң сығып,
жарқылдап кейде шаттығын шашар құлшынып.
Маған да ажал жеткені деп ұқ, ағайын,
бейуақта өлсе балапан ойым тұншығып.
Ой деген тарпаң, жығардай кейде орға да,
шырылдар салқам сәбиі үшін де сорлы ана.
Сөйтсе де қысқа ғұмырымды мынау жердегі
тіршіліктерге жалғайтын нәрім сол ғана.
Мәңгі емес ғұмыр, мені де күткен ажал бар,
жайлылық берме – тыныштығымды ал, мазамды ал,
алыңдар жиған-тергендерімнің барлығын,
ойларыма ойран салмаңдар бірақ, адамдар!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға шақыру

  • 0
  • 0

Ұқтым заман парқын мен:
адамы жез таңдайлы,
ісі жоқ та, ал тілмен
мінбе тисе сарнайды.

Толық

Ерлікті аңсау

  • 0
  • 0

Жорық сап түнде көшелік,
Ямардың суын кешелік,
бұлақтан қанып ішелік,
жаудың бәрі қуылсын.

Толық

Көрген емес жанымды жасқап елім

  • 0
  • 0

Көрген емес жанымды жасқап елім,
мүмкін жасқамағаннан асқақ едім.
Дұшпаным жоқ жырымды көре алмаудан
жек көретін жандардан басқа менің.

Толық

Қарап көріңіз