Өлең, жыр, ақындар

Ақ түн

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1067
Түн – құйрықты жұлдыздай
жарқырайды нұрына малындырып,
қол бұлғайды Невада ағын күліп;
жүрегімнің дүрсілін тыңдайтындай
бар табиғат елтиді жанымды ұғып.
Шынар қала,
ақ айдын – көз алдымда,
көңілімде – шөл дала, Нарын, құдық…
Ертегі әлем – айналам:
бағандары, көпірі, шамы, бағы…
Бұйрат құмдар – жүректің сағынары,
жатаған үй жапанда
шыңыраудың
тас тамшысын таңдайға тамызады.
Жатыр менің шөлейтті, құмды далам
жанын шарпып түндердің аңызағы.
Түн – сезімнің сыралғы жеңгесі ме,
сүйрелейді, қоймайды ермесіне,
кенет, ғажап, алдымда төрт арғымақ
тағы салды тұлпарлы елді есіме!
Нева қалқып барады көк жүзінде,
іліп алып бұлттарды кеудесіне.
Жасыл ағаш. Сан көпір. Мәрмәр баған –
бәрі таныс секілді, таңданбағам.
Қайда, қашан көріп ем таң ғаламды?
Қиялыммен бұрын да шарлағам-ды,
сол әлемім шығып тұр алдан маған!
Бала күнгі кезімнен дәл осы бір
көріністі далама армандағам.
Көз алдымда – аппақ түн, көңілімде –
жұмыр жердің төсінде жанған далам.
1972



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тынбайды жүрек алқынып

  • 0
  • 2

Тынбайды жүрек алқынып,
Қай жаққа барып жай табам,
келгендей маған жалқы жұт.
назымды кімге айта алам?

Толық

Суретші

  • 0
  • 0

Мен сурет саламын.
мен сурет саламын,
салғаныма қуанып,
өзім де таң қаламын.

Толық

Шаршадым-ау

  • 0
  • 0

Шаршадым-ау...
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
жүйке менен жүректі тарамдадым.
Ләззат ап әрнеден басқалардай

Толық

Қарап көріңіз