Өлең, жыр, ақындар

Менің сорлы сәттерім

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 578
Менің сорлы сәттерім -
тасқын жырлардан қалған шақтарым тосылып,
ол сәтте менде арман деген де - бос үміт.
Күңгірттеу менің келбетімді көріп, іштегі
бұрқаныстарды ұға алмай жүр-ау осы жұрт.
Азапты ойлардан діңкелеп бейуақ кетемін өзімнен өзім шошынып.
Мүсіркер еді-ау дұшпандарым да бас шайқап,
түндерде менің жасымды көрсе жастығымды жуған жосылып...
Менің сорлы сәттерім -
Ақтарар бір жан таппаған кезім, кеудемде тұнып, сыр бұғып,
жалтаңдағаным, айта алмағаным көңілдегі назды құрбылық.
Көзім шалғанда бір байғұстарды қара басының қамы үшін
жүретін асқақ арман дегенді тұл қылып,
күнкөріс жайын мұң кылып.
Күйбең тірлікпен күн кешкендердің мәз-мәйрамдығын
кайтерсің.
дүниенің бәрін жүргендей солар тындырып.
Менің сорлы сәттерім -
кызғалдақ дәуренде ару дидарлы Күн күлген
қабағы ашылмай күн кешетіндер кірбіңмен.
Дүниеден орнын таба алмай жасып, тірліктен безіп түңілген
байғұстарды көріп жүрмін мен.
Тірліктің тартыс-арпалыстарына төзе алмағандар түнжырап
күн өткізеді екен түсініксіз, мылқау бір мұңмен.
... Осы ғой менің сорлы сәттерім, мұңды сәттерім, досым-ай!
Әлде бүл менің бақыттылығым ба екен?
Кім білген...
1972



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш пен қасірет

  • 0
  • 2

Сөз қадірін ұқпайтын
көшің болған өкініш.
Биліктіні ықтайтын
досың болған өкініш.

Толық

Өмірдің желе-жортағы

  • 0
  • 0

Өмірдің желе-жортағы
толтырып шаңмен қолқаны,
тілдегенменен ортаны,
адамның бәрі өлердей

Толық

Уақыт ұшып барады

  • 0
  • 0

Уақыт ұшып барады
жапырақтай күздегі күні жеткен.
сырғанайды сұлудың нұры беттен.
Сонда да асықтырасың, өмір, алға –

Толық

Қарап көріңіз