Өлең, жыр, ақындар

Түсініксіз тым кейде

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 608
Түсініксіз тым кейде
шариѓаты тірліктіњ.
Құдай оны білмей ме –
жалған қайсы, шындық кім?
Түйдік өмір заңдарын,
түңіл мейлің, түңілме:
жақсы көрген жандарың
жау болады түбінде.
Білмейді адам жегенін –
жая ма, жоқ сіңір ме.
Құлар мәңгі дегенім
ертең бе, әлде бүгін бе.
Тірлік – ағын, пенденің
шаяр мәнін сулықтай.
Өмір сүрсе жерде кім,
кете алмайды у жұтпай.
Жерде өмірдің сол мәні –
заңдылықтар шырмаған.
Ұқсар мәңгі тордағы
жаутаңдаған құлға адам.
1995



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батырлардың ұрпағымын

  • 0
  • 0

Күресте өсіп қайсар бабам
қиындықтан тайсалмаған,
Жасқа қамқор, еліне — үлгі,
терең ойлы, байсалды адам –

Толық

Мүшәйра

  • 0
  • 0

Не қасиет күтерсің бүгінгі елден:
жасқаншақтап күйеудей ұрын келген,
айтар сөзін көмейге көміп қойып,
күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.

Толық

Мақатаев туралы жыр

  • 1
  • 4

Бір өзі мұхит сынды жағасы арман,
ағысы жағасына жара салған;
толқыны, тасқындаса, тау қопарып,
жабықса, жусаннан да аласарған.

Толық

Қарап көріңіз