Өлең, жыр, ақындар

Мамыражай өмір жоқ өлеңімде

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 538
Мамыражай өмір жоқ өлеңімде,
бәрі бостай: өмір ме, өнерің бе.
Өлер бала молаға жүгірер деп,
ауады ылғи аңсарым көне күнге.
Қуаныш жоқ көксандық – көңілімде,
айналғандай өмірдің өңі мүлде.
Өңі айналған өмірге кінәлі кім,
сары тап болған сезімнің соры кімге?!
Біреу айтады: «Жақсы еді – көз тиді», - деп,
Енді бірі: «Шаршатқан жол қилы», - деп.
Пиғылымнан үріккен жер-қарагер
табанымның астында мөңкиді кеп.
Мөңкімектен кетсе де төңкеріліп,
не жайласын жап-жасыл өлкені жұт,
бір қорытынды шығарып жатқан мен жоқ
жоқ және де көңілімде көркем үміт.
Тыныштық жоқ. Тірлігім – былағай күн.
Барады ығып қағылез құралай – мұң.
Қуанбаймын ешкімнің шаттығына,
қайғысына да ешкімнің жыламаймын.
Ауыр жүктен арылар арқа қашан –
мен білмеймін. Әйтеуір аңқаны ашам.
Түстік өмірдің тықыры таянса да,
мал жиям деп мың жылдық жанталасам.
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бай болам деп бір демде

  • 0
  • 0

Бай болам деп бір демде,
омақаспа, қарағым.
Ақыл айтсам мін көрме,
құлақ салсаң, жарадың!

Толық

Ашыну

  • 0
  • 0

Құртқым келмейді ешкімді,
Не дейді маған осы жұрт?
жер бетінен көшіріп
не жазықсыз өшігіп,

Толық

Абайды іздеу

  • 0
  • 0

Абай аға!
Биікте ме – қайда жүр аруағың?
Құлағыңа жете ме шағым-әнім?
Көкті кезіп іздер ем – жерде мені

Толық

Қарап көріңіз