Өлең, жыр, ақындар

Күнді аңсау

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2144
Көктемі өтті,өмірімнің жазы бұл,
Шәлкес мінез «шалға» айналдым қазымыр.
Көпе көрнеу көзім алды бұлдырап,
Көңілімнің күңіренді сазы кіл.
Таттым талай шарап пенен сырадан,
Көк түтінмен қос өкпені шылағам.
Менің ісім кейбіреуге күлкілі,
Құдықтағы айды алам деп құлаған.
Құлағымда құрбақалар ойнады,
Қуат күшім әлсіреді бойдағы.
Шыңыраудан шыңғырып ем дауысым,
Көмейіме кептетіліп қойғаны.
Солай, солай... өз күніме қайранмын,
Тіршілікке жіпсіз ғана байландым.
Оқи-оқи зар заманның ақынын,
Тар заманның ақынына айналдым.
Өз-өзімді жұбатамын өлеңмен,
Жан емеспін қошеметке бөленген.
Күннің көзін көрсетіңдер, ағайын,
Нұр шуағы тамшыласын төбемнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тотықұс

  • 0
  • 0

Күлімдейсің, таранасың тотықұс,
Күйің тәуір, үйің жылы осы қыс.
Міндетімді ұмытыппын күнделкі,
Маған қарап жәутеңдейді бос ыдыс.

Толық

Мұңлы наз

  • 0
  • 0

Аз-ақ күндік азапқа бола қашқан,
Елік едім елсізде көп адасқан.
Алматыны сағыну бір бақыт та,
Ал, жете алмау қасірет одан асқан.

Толық

Алматы-ақындар қаласы

  • 0
  • 0

Ешқайсына болмағасын еш құным,
Көше кезіп келем жаяу кешқұрым.
Қасқыр шауып, енесінен айырған,
Қасқа құлын секілденіп кескінім.

Толық

Қарап көріңіз