Өлең, жыр, ақындар

Жастық жыры

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 390
Не десең құптап, хош eтiп,
Жастық шақ, саған жүгінем.
Жігітше қызмет көрсетем,
Ынтыға бipгe жүгірем.
Жайраңдап келем жасқа ұқсап
Аржайы мінез, ашық үн,
Өлеңнен ыстық жастық шақ
Өлмейтін менің ғашығым.
Жүдермін бip сәт демеймін
Жүрегім сенен күй алды.
Махаббат сыйын көбейтіп,
Бөлісем шаттық қиялды.
Бөлінбес таза адалдық
Ақ, қара, сары,
құбаға.
Білем мен биік адамдық
Саған да, маған сыбаға.
Қызыңдай қызыл өңдігі
Өлшеусіз бақыт — өз гүлің.
Ғашығым менің!
Ендігі
Менен де ақын мезгілің.
Махаббат жауда жоғалып,
Жас жүрек қанша бүлінді.
— Жетті! —
деп факел жағалық.
Қорғалық еңбек, білімді
Ғашығым!
Жәбір-жапасыз
Кірлетпес жанды нақақ тат.
Жоғалсын пиғыл опасыз,
Жасасын таза махаббат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын достарыма

  • 0
  • 0

Салыңдар құлақ сырыма,
Дарынды менің достарым!
Сүңгіген күннің нұрына
Қанаты күміс құс — бәрің!

Толық

Құрманғазы

  • 0
  • 0

Мұңдасы, көшкен елдің қиялдасы,
Ал, тебірен, ақ сақалды күй атасы,
Келеді сені тыңдап баяғыдан
Өлкеңнің өзен, тауы, қия тасы.

Толық

Не жетсін досқа сенгенге

  • 0
  • 0

Апыр-ау, сенсең қайтеді,
Kiciгe сенбес қор ма едің?..
Жан баласын қайсы еді
Өтipiк сыйлап көргенім?..

Толық

Қарап көріңіз