Өлең, жыр, ақындар

Саламатқа

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 392
Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған,
Адай-түбек — ата қоныс, Атырау!
Асылынды түгел тізіп айта алман.
Дастан көп қой Мұрын, Жібек, Қашаған,
Сәттіғұлдар неше ғасыр жасаған.
Жалғыз мен-ақ әлі саған қарыздар,
«Өз түбегім — өзім туған босағам!»
Жетібай мен Өзен, Ақтау жүрегін
Толғатқалы жүкті болып жүр едім.
Көп ырыстың көзі,
мөлдір бұлағы,
Көкірегімде қайнап жатқан жыр едің!
Саламатым маған соны бастатты,
Өзге сөздің бәpiн жауып тастатты.
Жаны жалын жас ғалымның үйінде
Ән-күйлетіп бүгін iшкен ас тәтті.
Ағадан бұл сәби қалған перзентті
Әзіз жеңгем әлдиледі, тербетіп.
Ұлы заман аясында мұңсыз ұл
Туған жермен сырласты да, ер жетіп.
Жас геолог бip ғылымға сиынды,
Тау iшіндe талай кештi қиынды.
Келіннен де бұрын құшты жас ұлан
Сол далада ұйтқып жүрген құйынды.
Көрген жоқ бұл ер көңілін орталап,
Дәл осылай өсер болар әр талап!..
Інім жүрді аңызақ пен аязда
Мезозойдың топырағын арқалап.
Туған таудың тасын жинап қойынға,
Көз жiбepiп көне қаңқа, шойынға,
Атам қазақ айтатұғын жеті қат
Жер астынан бақыт табу ойын ба?!
Жұмысында бар да шығар әлі мін,
Өмip өзi жетілдірер ғалымын.
Жан толысар ала берсе ақыры
Жер-ананың балқып жатқан жалынын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түрікмен ақынымен әңгіме

  • 0
  • 0

Ағайын, ақын түркімен!
Сырласа келдім етене.
«Ciз-біздi» қоя тұрып мен
«Сен» десем шеттік ете ме?!

Толық

Жаңа жылға

  • 0
  • 0

Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бiзгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?

Толық

Бақытың ғой

  • 0
  • 0

Жарықтығым!.. Әлдеқашан өлсең де,
Сенен кейін өз бетімше өнсем де,
Жүрегімде жүресің де қоясың, —
Жүpeгiмнiң өлең-жыры бол сен де!

Толық

Қарап көріңіз