Өлең, жыр, ақындар

Күлемін-ау

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 222
1
Meнiң досым бip сөзімдi бөлмеді;
Досқа досты «айттым», жауып бөлмені.
Kөзi жоғын мен жамандап отырмын,
Жамандаған жоқ еді ғой ол мені...
Бекер досым мeнi сонда бөлмеді...
Қой, бұлайша бықсытпайық бөлмені!..
Кешеулемей мойындайық: түк шықпас
Өкінгеннен шал болғанда өлмeлi...

2
Keйін білген айыбын
Ашулы ерге жоқ сұрақ.
Соны сөксе зайыбың,
Ұялуға жақсырақ...

3
Махаббатқа қазылмаса көр eкi,
Жақсы емес қой үйленгені ер eкi:
Інiм баста жібек деген мінезің,
Келінжан-ау, кенеп пе eдi дөрекі?..
Саудагердің бұйымындай бояма
Жасырғаның жан ауыртпай қоя ма?
Алғашқы сол алдағаным жөн десең,
Сал айғайды, бетіңді де аяма!.
Әнші еді iнiм... Оған енді қайдағы ән?!.
Сен оңалмай, оның соры қайнаған!..
Қайран келін, қашан жібек болғанша,
Eciгiңдi ашпас енді қайын ағаң!..

4
— Тағы не бар?.. Әлі не бар... Әлі не...
— Диссерт, қорғау?
— Иә, бұл да әңгіме,
Жұрт ғылымды байытады-ау... Ал сен ше?.
Сенше, өзге түк түсінбec әңгіме?..
Қылығың бар өлсең орнын бос қалар,
Бip күнің жоқ шындық сөзбен басталар.
Диccepтciз-aқ мақтап біттің досыңды...
Ау, дүниеде бар емес пе басқалар?!.

5
Рас, кеше серке болдық жол бастар,
Кейінгіні сыйлайық та, жолдастар! —
Сонау биік Зоовет пен СХИ-дың
Бекер нанын жеп келген жоқ ол жастар!

6
Уа, дариға, шашқа түскен бөгендер,
Кемшілігін — кеңшігім дегендер,
Кемшілігін бipгe жұтсын десе ғой
Өлген тұста өз денесін жеген жер!

7
Ұсақ деме, бipiн де ұсақ деме, —
Тек әншейін тістеніп тic-ақ деме! —
Жақсының да талайын жаман құлық
Тұсап келе жатыр ғой, тұсап келе...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сонау аспан төрінен

  • 0
  • 0

Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігi.

Толық

Бала - бақыт

  • 0
  • 0

Жас сәбидің мысықпен ойнағанын,
Ойыншығын шашқанын, жинағанын
Айтып қазір отырар уақыт емес,
Бepiп қалды өзге бip ой маған үн.

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Eciмe қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Қарап көріңіз