Өлең, жыр, ақындар

Бауырсақ

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 628
Eciмe қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.
Әлде ол шешем, әкем мен,
Базардан алған ұн шығар?..
Әлде оны сатып әкелген
Саудагер жылпос ұншы бар?..
Әлде оны жақын туыстан
Әкелген аштық — ауыр шақ?..
Әйтеуір, титтей уыстан
Шығармай жедім бауырсақ.
Қызық қой тірлік дегенің,
Қуансақ, қатты ауырсақ;
Әйтeyip, үзіп жегенің
Анадан қалған бауырсақ...
Жемесек оны түске енген,
Ояндық талай тамсанып...
Дастарқанда ол тiстелген
Өлгендерге де там салып...
Қонаққа тамақ icетелген
Құйрыққа қоса бауыр сап.
Сол қонақ бізгe түстенген
Қоржыннан алып бауырсақ.
Не жетсін наның піскенге,
Бесікке бала бауын сап!
Не жетсін келін түскенге,
Төбеңнен жауып бауырсақ!
Ей, жұртым!.. Егер осы бiз
Бip дәмге тура бағынсақ...
Шаңырақ, ошақ, мосымыз
Мойындап келген бауырсақ!..
Ақшалы яки малды — мен...
Алақан жайса немерем,
Басқадан бұрын, алдымен
Бауырсақ бермей, не берем!?
Басыннан өтер календарь —
Жүдеу шақ әлде тәyip шақ!
Бәpiбip! Сен бар — әлем бар,
Бауырсақ керек!..
Бауырсақ!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрақтарға жауап

  • 0
  • 0

Неліктен артық сөзің арам астай,
Қойса да ертең доспен араны ашпай?
Қалғанын сезесің дос жүрегінің,
Бүгін дәл кешегідей араласпай.

Толық

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма...

  • 0
  • 0

Адам — ағзам, жүректен жүpiп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен iшiн ел сүйген eтiктiгe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.

Толық

Күлемін-ау

  • 0
  • 0

Meнiң досым бip сөзімдi бөлмеді;
Досқа досты «айттым», жауып бөлмені.
Kөзi жоғын мен жамандап отырмын,
Жамандаған жоқ еді ғой ол мені...

Толық

Қарап көріңіз