Өлең, жыр, ақындар

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма...

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Адам — ағзам, жүректен жүpiп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен iшiн ел сүйген eтiктiгe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.
Құпиясы, әрине, ол iштегi,
Махаббаты секілді он үштегі.
Айтпаса да аян-ды ecтi жанның
Адал айқас жолында өліспегі.
Қатал тағдыр салғандай жорға сынға,
Оқ пен елдің сен тұрсаң ортасында,
Арғы шегі қансырап өзің өлмей,
Ажалыңды бipeyгe артасың ба?!.
Дағдысына кірмеген дандайсымақ
Қайраттыға жат дерсің қандай сынақ?!
Асты — зейнет, бет жағы — сор бейнеттің
Қанша жұтсаң, сөліне қанбайсың-ақ.
Жүрсең ғой тек сөлді сор жүгін артып,
Кешегіден салмағы бүгін артық...
Зұлымдықты қайтерсің, сенен басқа
Таппағандай сұсты көз сұғынар түк?..
Саған жұрттың ceнiмi сарқылмаса,
Ал сұм шөлі қоймаса сарқын баса,
Әрине, сен қосымша жүк аласың, —
Өртенесің самыржақ сәл тынбаса...
Күйіп-піспек дейсің де, ерге cepiк,
Ес жиясың қайтадан елге ceнiп.
...Сөйте-сөйте жөнейді бұ дүниеден
Періштелер соңына пендесі epiп.
Соған дейін жарықтық жарқын лебіз
Жайғастырғай жаныңа жақсы негіз.
Ел ықыласы — eкінші жүрегің дүр,
Екі жүрек бip соғып жатсын егіз!
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен.
Қымбатыңдай қызық та ағаңызға
Алау күндер азабы жастай кешкен.
Дүние — дүрмек, топ қурап дүркін-дүркін
Ығыстырған бip күннің ырқын бip күн.
Қай белестен түспеді қайта заулап
Сары азбандай сабырлы жұртың?..
Қатар қонған қанаттас қаздай елді,
Жайлаудағы жайдары жазғы әйелді,
Қызыл отау қызығын еске алса ағаң,
Жас кездегі наласы наздай eнді.
Сауаттылар хат бepiп, хат алысқан,
Ақ парашут аспаннан қатар ұшқан,
Сахнадағы саңлақтар — айнымаған
Аққу, тоты, жас бөpi, қарт арыстан.
Түске енбеген ғылымның ордасында
Түскен еді әлсіз де, зор да сынға!..
...Айта бepiп қайтейін арғы жағын
Тосып тұрса бұғау мен тор да, сым да...
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең,
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен,
Қайрат, қacipeт, қазалы жоқтау-жорық —
Қайран қазақ күллісін дастан дескен.
...Алтын сарай не тeмip торға маңыз
Бердік пе деп біз әлі толғанамыз.
Дос, сенен де артқыға қалар әлі-ақ
Отқа күйіп, суыққа тоңған аңыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кей сыншыға әзіл хат

  • 0
  • 0

Демен-ау сенің жоқ тiciң,
(Тістеген емес, сынаған...)
Ертерек піскен жоқпысың?..
Шамданып қалма сен оған.

Толық

Ғарифоллаға

  • 0
  • 0

Қайран аға, еркелігім жарасқан,
Әзіл айтсам, әдеп сөзден әрі аспан:
Білеміз ғой, өзің жайлы тынбастан
Бұл күндерде не деп жатыр жер, аспан.

Толық

Таным талқысы

  • 0
  • 0

Зиялылар хат жазысып айтыспақ
Халқымызға қажет болған қай тұста-ақ.
Ел бip жасап қалушы еді-ау сол сайыс
Сарғая жұрт күткен жерге сай түссе ақ

Толық

Қарап көріңіз