Өлең, жыр, ақындар

Қос тілекшім болған

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 386
Mahиpa, Мәку рухтарына

Ет жүректі бip маған елжіретіп,
Жаулықтарын жалаудай желбіретіп,
Баяғы сол мекенде мені күтсе
Сағынышқа сабырың жеңдіретін.
Бipгe туған сол екі байғұс маған
Төнсе қатер қандарын қайғы ыстаған.
Ертелі-кеш еңкейсе көзін сүртпей
Жайнамаздың пұшпағын жәй құшпаған.
Мен беттескен тажалмен жеке түнде
Менен пiтip, атымның зекетін де
Қайыршыға табыстап, қырық бip тас
Жоритұғын мұратқа жететінге.
«Өлгендерден қалған сол қос тілекшің
Топырақтарын түнекке қосты» депсің.
Бұл қай сөзің, әзірейіл, — дегенің бе
Таңда мақшар күніне «бос түнексің...»
Жә, жарайды, бұл хабар тepic делік,
У қосылған шербеттей шер ішпелік.
Бipгe кетті дермісің көкке шырқап
Парыз артқан пейілдер періштелік?..
Бұған сенсем, мен әлсіз қызғалдақтан
Терезеге теліп сол қыздар баққан,
Жалған айтпа, әзірейіл, менің жаным
Гүл емес қой қорқатын ызғар жақтан...
Көрмеппін бе мен сендей сауысқанды,
Тозған етін жауырдың тауысқанды,
Жайнамаздан апалар ақ тiлeyi
Дастарқаным шетіне ауысқан-ды.
Үйімнен сол апалар жалғасын да
Тапса, қайғы дегенің жанға сын ба?
Мен оларға қарыздар қала алмадым
Бақ жұлдызым жарқырап жанғасын да!
Ұмытылмас eкi aпa тілегенің
Құдай қабыл еткен соң түлегенім.
Ұмытылмас сол қыздар жетегінде
Әзі бабам басына түнегенім.
Енді міне, отырған ceкiлдiмiн
Арасында ақшам мен екіндінің.
Сағыныштың сарқытын одан-бұдан
Жинақтауға бел шешіп бекінді үнім.
Бауыр-туыс азасы жылатқанда
Көз жасымен көңілін жұбатқанға.
Отбасынан енеге — баршаға деп,
Ең жақсы орын жарасқай жұмақтан да!
Қарсы тоспай арқасын «қозындыға»
Қартайғандар бiлeдi төзімді ұға,
Ecтeгiнi екшеп те жасап алдым
Сол төзімнің басалқы сөзін дұға...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әр кездегі экспромт

  • 0
  • 0

Жатырмын жат өлкенің жылғасында,
Ажалдың алпамсасы тұр қасымда.
Билігі талықсыған тағдырымның
Қақыратқан қабырғамды қорғасында.

Толық

Президентке шағым

  • 0
  • 0

Әсер жұтап әр неден, күндіз арып,
Бiз қаламыз, батады күн қызарып.
Біле бермейді екенсің үйде отырып
Жарылқап та жатқанын кiдi жарық.

Толық

Желмая

  • 0
  • 0

Боздамаймын болмағасын ботасыз,
Қажымаймын қалмағасын батасыз.
Жақсылардың дегенше не жетсін —
Аламанға ақыл қосар Ата — Ciз.

Толық

Қарап көріңіз