Өлең, жыр, ақындар

Желмая

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Боздамаймын болмағасын ботасыз,
Қажымаймын қалмағасын батасыз.
Жақсылардың дегенше не жетсін —
Аламанға ақыл қосар Ата — Ciз.
Әрине шын, Ата кici cөзi үлгі,
Оған бipaқ азырқанам өзімді
Жас баладай мінезі бар бұл ағаң
Мақталса да таңға тақап көз ілді.
Ел арқылы енді өзімдi түсінбек
Айта алам ба менің қылған iciм деп?
Еңбегі еш кім өлмеді құсадан
Құшырлана тілін шайнап, тісін жеп?!
Маған қызмет қылса болды мақтамай
Сыншыларым сыйға тартқан бақ-талай.
Жалаң мадақ — көбік... Әділ патшаң да
Малданбаған icкe тәж бен тақты олай.
Хан да емеспін, қара да мен емеспін,
Екі аралық мені меже демес кім?!
Өзім білем, мақтағанға масайрап,
Сертті бұзсам болмай қалам мен ешкім.
Өнерліден алған алғыс, батам бар,
Өнерде көп боздағым бар — ботам бар.
Ата да емес, атан да емес, мені тек
Желіп өткен желмая деп атаңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алпыс желкен

  • 0
  • 0

Оқушы дос!
Сүйдің ғой теңіз жырын?.,
Жаққан шығар жанына әзip бip үн?.
Атыраудың балықшы баласы деп

Толық

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр

  • 0
  • 0

Оқып көр өзімізді күнделікті,
Қай жерде доғарыпты кім көлікті?
Келеміз бәpiмiз де ұбап-шұбап,
Деспей-ақ жылағанды күлген ұқты.

Толық

Фабрикада туған ой

  • 0
  • 0

Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң

Толық

Қарап көріңіз