Өлең, жыр, ақындар

Қуандыққа

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 557
Ұранға — «Шаңғытбаев жасасынға»
Ұрынып қалармын деп қашасың ба?
Әйтеуір, дәрежесіз, дәнеңесіз
Келесің таудай өнер тасасында.
Біз болсақ, елтіп бүкіл тән, санамыз,
Оңаша өнеріңе тамсанамыз.
Артынша ceнi ұмытып, атақ-даңқтан
Таласып бip тамшы да тамса аламыз.
Бұлбұлдың баға жетпес үш айтылмай
Жатса да Қуанға сол ұнайтындай.
Әрине, берешегін береді рас
Ресми құжатсыз-ақ құдай тынбай.
Әлгіні қос көре ме бipaқ құдай,
Пендесі бұл фәниде тұрақтыдай?..
Қайтейін бip күн билік бұйырмаса
Кеудеме кептеймін де сұрақты ұдай...
Әрине, әзіл бұ да той үстінде,
Ноқатсыз не істемедік нойыс күнде?!
Қуан-ау, бip шындықты бiзгe ақыры
Мойындату жағына ойыстым де...
Жатса да әзip түгел шын айтылмай,
Шүкір, мол қасиет сенде шыдайтындай.
Төбеңнен, төгер әлі шапағатында
Ресми құжатсыз-ақ қудай тынбай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орынсыз опық

  • 0
  • 0

Бәрі ұйқыда тоған, дала,
Тыныш екен түн, дача.
Айтарым бар саған, бала,
Балам, мені тыңдашы!

Толық

Жаңа жылға

  • 0
  • 0

Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бiзгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Есіме қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Қарап көріңіз