Өлең, жыр, ақындар

Қабылан Жамбыл - қалың ел

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 220
Қол бepгeлi жә келмесін, жә келсін,
Бәpiбip сен шет жұртқа да Жәкемсің
Сен боп бүгін бүкіл қазақ айтары:
Дос құшаққа жақын түгіл жат енсін.
Тақ пен тәжден бақ жиғандар бармақтай
Әрқайсысы тарихта бip тармақтай.
Heбip әзіз, небір қатал патшалар
Қала алмады саған сырын қарматпай.
Өктем сиқыр бабын тауып мақтатса,
Соны да сен жұмсадың зор мақсатқа.
Мен кім едім, менің соным кім еді
Мінбесең сен жалы биік жақсы атқа?!
Керек жерде аждаһаны арбадың,
Тежер ме деп тегершігін арбаның.
Жамбыл емес, халықпын деп шақырдың
Кешеулеткен керуен мезгіл арманын.
Көршілерден көп ұтылдық десек те,
Онша олақ емес едік есепке.
Қозғалдық біз. Қозғалмаққа бірдей-ақ
Жарап жатты отарбаң да, есек те.
Зар заманда достан бетер қасты ұққан,
Ардың cөзін алдын нәубет — аштықтан.
Сен едің-ау нан ұстаған намыспен
Алуан айтыс базарына бас сұққан.
Бейкүнәні жұтқан соғыс, абақты
Саған тартты тақсірет толы табақты.
Сол табаққа көркем жырдың көзінен
Қажырат та, қанды жас та көп ақты.
«Діннен безіп адасқанның төлі едім», —
Дегенді аяп, қарызын сен төледің.
Жақсы түгіл жаманның да жайлауын
Махаббаттың мақамына бөледің.
«Қала-қыстақ, қарлы шыңға бармасаң
Шапаныңның шалғайына жармасам», —
Деген пірің — қабылан — қайран жолбарыс
Көрмесем де көз алдымда барға сан.
Ала алмаған сенше бізбен бас қоса
Әулие де, әмбие де басқаша.
Оларға да құлдық сенше өлеңмен
Өрттен бетер жәһил бетін жасқаса.
Теңіз толқып көне кеуде iшіндe,
Тереңіне бәpi батқаны үшін бе? —
Әйтeyip сен ерен қазақ елісің,
Тұрған тұтас баяғы сол күшінде.
Сен ауызда, аңызда тек көнесің,
Күн өзгерсе, өзің содан өнесің
Осы қазақ өлсе бipгe жетіліп,
Осы қазақ өлсе бipгe өлесің.
Әлі есімде, тоқсан тоғыз жасында
Оранып пәк ақ пен сары, жасылға,
Төсегіңді бар болғаны бip сәтке
Босатып ең көктен түскен жасынға.
Көзге жанды көрсеткендей тән қылып,
Жатпақ та бар түн түнеріп, тән күліп...
Соны жырлап өткен, Жәке, саған сый —
Құдай ceнi мәрт жаратқан мәңгілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орынсыз опық

  • 0
  • 0

Бәрі ұйқыда тоған, дала,
Тыныш екен түн, дача.
Айтарым бар саған, бала,
Балам, мені тыңдашы!

Толық

Ұмытпан

  • 0
  • 0

Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,
Жендетке бала өлігін санатқанын;
Мектепке біз оқыған мал қамады,
Өлді ана, құлағымда оны атқан үн.

Толық

Айтыскер жас ұрпаққа

  • 0
  • 0

Жаным балам — жас ақыны айтыстың!
Батамдай біл, қайратысың қай тұстың.
Үнің дербес шықпай жатып дей көрме
Алақанға көктен балқып ай түссін.

Толық

Қарап көріңіз