Өлең, жыр, ақындар

Нағыз кісі

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 185
Kici керек кімге де, кici керек,
Жүзі жарқын, ізетті iшi зерек.
Одан көрген жақсылық оныкі емес,
Бабасының бастан-ақ ici дер ек.
Ол жоқ жерде мен көзден жоғаламын,
Жоғалғандай үйіpi көкаланың.
Нағыз кici қашан да халықтікі,
Аз берсем де, мен содан көп аламын.
Kөpiп кеше жігітін жігіттердің,
Көңілімнен көк дөнен жығып бердім.
Жан жарының қолынан сүйсем де мен
Бармағына бал болып жұтыпты epнiм.
Өйтпей қайтем, кішірейтіп сұлтан басын,
Өзі әкелсе саф алтын қолтаңбасын.
Бipгe соғып сол сағат жүрегіммен,
Жүрісінен сан сақи жыл таңбасын.
Түспей жүр ол сынақтың қандайына,
Барлық icтің қанықпын мән-жайына.
Шөгір оның кіргенше табанына,
Мансапқордың қадалсын маңдайына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын достарыма

  • 0
  • 0

Салыңдар құлақ сырыма,
Дарынды менің достарым!
Сүңгіген күннің нұрына
Қанаты күміс құс — бәрің!

Толық

Алғашқы күні

  • 0
  • 0

Аспан ашық,
Алғашқы
Оқу күні қияда;
Көше бойлап, ағашты

Толық

Бұлыңғыр күнгі күрсініс

  • 0
  • 0

Күн де бүгін бұлыңғыр көңілімдей,
Көңіл шіркін салмақты қоңыр үндей.
Қазақы үйде отырмын, —
ошақта от

Толық

Қарап көріңіз