Өлең, жыр, ақындар

Қызғанамын

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Үлкен ақын рухына бағышталған
Сол жиыннан адам аз қағыс қалған.
Үлкен өзен жатқандай жағалауға
Салындыны атқылап ағыстардан.
Бәpi жақсы екшелген естеліктің,
Өмірге олар жатқан жоқ кеш келіп тым.
Дер кезінде айтылған әсем ойдан
Ақ жібекке төгілген кестені ұқтым.
Күйден бетер мұң-шepi күмбірлеген
Оның сөлді сөздерін кім білмеген.
Әйел eдi ол ақын, көз жасымды
Желеп-жебеп төбемде күн жүр деген.
Көpiп оны жұрт туған анасындай,
Сөз сөйлесе жарасты-ақ жарасудай.
Сөйте тұра сөйтуге қақы жоқ та
Сұйық сөзді сапырды қара судай.
Дәм татқанын сол үйден дәріптеді,
Бойда күші бұрқанып барып па еді?..
Heciн айтам аржағын... Бітіскен бе
Қараңғы мен қасиетті жарық тегі?!
Мен де қай бip ұстамды тұғырдамын,
Соған төзбей қайнады зығырданым.
Алдым ақыр сол үшін «сыбағамды»,
Буындарға әлсіреп жүгірді әлім...
Қызық арты қиынға ұласты да,
Әрең қалдым дәрі сап тіл астына.
Нем бар еді aғa боп, әдеп күтіп,
Бізден кеткен бip шала, рас бұ да.
Уақасы жоқ, мінезім қызға мәлім,
Қартайсам да бойымда қызған әлім.
Мен бәрібip рухыңды, қайран aпa,
Бос көкірек бөспеден қызғанамын!
* * *
Тойлар!.. Тойлар мың саннан бірді іздеген,
Кімге бірдің мағнасын білгізбеген?!
Содан бәлкім пенде жоқ
сыбағасыз
Жалғыз пақыр жалғанда бір біз деген...
Өмip жорық,
Тігесің жолай шатыр;
Қалай қақсаң қазығын солайша тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туннельдегі туған ой

  • 0
  • 0

Жана ғана жатқан өзен төменде,
Енді менің күркірейді төбемде, —
Күндіз сыртта, «түнді» кешіп мен келем
Өзінің ай, жұлдызы бар туннельде.

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Есіме қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Ақын Ғалиға

  • 0
  • 0

Жылдары жырмен ашылған
Орманның ұлы, тау ұлы!
Байқасаң, бұрқап басылған
Арттағы күндер дауылы.

Толық

Қарап көріңіз