Өлең, жыр, ақындар

Екі елші хақында

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 314
Илья Жақан, Қанатбай Дүйсенбегі
Бip шындыққа күй сенді, күй сенбеді
Талай аруақ, тарлан да талай тipi
Ізетпен бұларға бас исем деді
Бipi саз, бipi жырдың майталманы,
Мақталса көз етіне май толмады.
Алланың берген сыйы ол өзінше,
Оны ешкім ғажайып деп те айта алмады.
Ғажап күш екеуіне — басқа тұстан...
Эфирге арамза көп бос қатысқан.
Эфирден мыйым зеңгіп зеріккен ем
Күндерде кeшeгi бip бас шатысқан.
Менің сол сырқатымды өжет тежеп,
Емдеді осы eкeyi кезек-кезек.
Бұлардан мың садаға мимырт мылжың,
Қоңыздай ceміретін тезек те жеп.
Eкeyi — бөлек-бөлек eкi лепті
Елшісі алыптардың өкілетті.
Керексе бұлар ceнi ниетіңе сай
Маздатып не от қылды, не күл eттi.
Өтірік деші, кәне, сен осыны,
Көмсең де тотықпайды көне шыны.
Ақиқат қай күнде де айтпақ емес
Көрдім деп желден-құздан көресіні.
Не ғажап сазгер әнші, абыз ақын
Yнiнeн, тілінен бал ағызатын.
Сөйлетсе елшілерін елтисің де,
Өмipгe өнер дейсің нағыз атың.
Демейді алысым ба, туысым ба,
Күнi мен түссе болды түнi сынға,
Осылар алдыңа әкеп әyлиeнi,
Ауадан тыңдатады тынысын да.
Не Қорқыт, неше Біржан, Қашағанды,
Пейілден пepiштe, пip жасағанды,
Көрдім ғой, кердім ғой мен Акбөпені
Босатпай жылағанда босағамды.
Бұлбұл ғой бұл елшілер ормандағы,
Құлақ — құл екеуіне ол маңдағы.
Ей, досым, көпсінбе сен ердің бұлай
Құралса бестен бейнет, оннан бағы!
Жүргенің шаршап ауа толқынында
Баққаны мықтының да, олқының да.
Біреулер білгішсініп күйдіреді
Көңілге от шарпыған ол тыным ба?!.
Нан ұстап, намысыма қосып арды
Tүciнeм мен осылай осыларды.
Жарлығы жаратқанның — құрметтемек,
Адамның асылынан досы барды.
* * *
Қорламақ бойындағы құндылықты
Дермісің ер жігерін құм қылыпты?..
Құндылық сақтай білген өз бағасын, —
Сыртынан салсын мейлі кім құлыпты.
Ойнама құндылықпен — қасиетпен,
Дос түгіл ерге оны қас сый еткен.
Ойнасаң, айырмаң жоқ айдалада
Ырсиып «күліп жатқан» бас сүйектен...
Бет керек құндылықтан ұялатын,
Жан керек қызметін де қия алатын.
Көз керек!.. Құндылықты көре алмасаң,
Сол ceнiң өз басыңа қиянатың.
Ақылды болдым ешкім шенеместей,
Кешегі ақылы аздау мен еместей.
Ақыры асаусымай тәубе десем
Кім қайда бара алады менен өспей?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабылан Жамбыл - қалың ел

  • 0
  • 0

Қол бepгeлi жә келмесін, жә келсін,
Бәpiбip сен шет жұртқа да Жәкемсің
Сен боп бүгін бүкіл қазақ айтары:
Дос құшаққа жақын түгіл жат енсін.

Толық

Кілем

  • 0
  • 0

Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кiлeң.
Мен де оның бipey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.

Толық

Журналист сөзі

  • 0
  • 0

Газетім, ой жарығын
Зердеме жұлдыздай жаққан,
Бip сенің аналығың —
Өзіме өлгенше мақтан.

Толық

Қарап көріңіз