Өлең, жыр, ақындар

Қайдан білсін

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 412
Meнi қайтсін,
Мен оған тең емеспін.
Құдай өзi дегендей «төмен өcciн»
Жылдан-жылға барады бойым шөгіп,
Кәрілікпен келсе де төбелескім.
Жүрсем жүріс өнбейді тұсалғандай,
Бip таяқтан eкi аяқ күш алғандай.
Ол жігіттің ойынша «қыстан шыққан
Қыршаңқымын», —
Шебер өзi мысалға ондай.
Көзәйнегім аржағы мұнартады,
Мұнша кемдік көңілге мұң артады.
Жұбатады сонда да бip мен емес
Бұл «сыйлыққа» құдайдың мыңы ортағы.
Жүрек қысып, оп-оңай ентігемін,
Медет тұтам кемді-күн ем түгелін.
Мен қиналып сөйлесем ол сезбейді
Залдағылар сөзіме елтігенін.
Аққу қонып жатса да көліме мың,
Құрдым болып мен оған көрінемін.
«Құр сүлдерін пақырдың көмгенбіз» деп,
Өлсем ертең татардай көріме мін.
Әуелі ақымақ, жағдайы сосын байдың,
Көзімен көрсең бұл күнде осындаймын.
Енді мені тыңдасаң ол хақында,
Айтқызады айтпасты тосын қайғым.
Бақ боп ұшқан аз күндік алдан құсы
Келген солай сыртымды малданғысы.
Қайда-ан білсін, —
Кет дер ем келіп тұрса,
Табанымды жалауға жалданғысы!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы келім Ташкентке

  • 0
  • 0

Тағы келім Ташкентке, туысыма,
Толтырам деп жемісін уысыма,
Маған деген айнымас махаббаты
Құйылар деп жүректің қуысына.

Толық

Коммунист сөзім

  • 0
  • 0

Ыстық, қымбат елге күннен
Партиялық съезімі
Азды-кәпті еңбегімімен
Саған асыл сый өзім!

Толық

Жас достардың қаласы

  • 0
  • 0

Нүрек — қала, ici қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.

Толық

Қарап көріңіз