Өлең, жыр, ақындар

Тағы келім Ташкентке

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 319
Тағы келім Ташкентке, туысыма,
Толтырам деп жемісін уысыма,
Маған деген айнымас махаббаты
Құйылар деп жүректің қуысына.
Менің тиді мақтаныш үлесіме:
Жандай жақын өзбектің үні өзіме,
Маған аппақ пейілі мақтасындай,
Жібігендей өзінің мінезi де.
Құшам өзбек жасын да,
қариясын да.
Арал құйған Әмудың дариясындай,
Көзi шипа Сарыараш гәусеріндей,
Жаны жаннат Мырзашөл даласындай.
Бiз де бармыз өзбектің жан ұлындай,
Шырайлары Шыршықтың жарығындай,
Алматыда, үйімде жанып тұрған
Көне Бұхар көгілдір жалынындай.
Көңілім үстем Ташкенттің аспанындай:
Өзім туған өлкеде достарым бай;
Қашан көрсең дәулетті Қазақстан
Ағыл-тегіл Әлишер дастанындай.
Кеудеміз кең жаһанның күллі өзіндей,
Бақытымыз баянды күн көзіндей.
Достығымыз сәулетті, бepiк, биік,
Өзбек соққан сарайдың күмбезіндей.
Жырлар туыс бip қолдың саласындай
Жұмсаң, қатты жұдырық дәл осындай.
Өлеңімді өзің-ақ әлдилеші,
Бізге берген қызыңның баласындай.
Әpi сынап, міней бер өз iніңдi,
Жан емеспін жасқаншақ, жүзі мұңды;
— Алың-алың! —дегенге шашып-төгіп,
Арзан асап жүрмейін жүзіміңді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңқыстау монологы мен диалогы

  • 0
  • 0

Маңқыстау —
Маңғаз тау?..
Әлде мық қыстау?..
Сөз төркіндерін тiнтiп ек,

Толық

Қайда жүрсің...

  • 0
  • 0

Қарағым-ay, қайда жүрсің таптырмай,
Бip жерде сен кәміл барсың тақсырдай.
Одан бәлкім айырмаң тек тым жассың,
Күл тағдырын құдай саған тапсырғай.

Толық

Ақпарат һәм ақ бата

  • 0
  • 0

Шынымен шындық түбi десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкi ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.

Толық

Қарап көріңіз