Өлең, жыр, ақындар

Қайда жүрсің...

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Қарағым-ay, қайда жүрсің таптырмай,
Бip жерде сен кәміл барсың тақсырдай.
Одан бәлкім айырмаң тек тым жассың,
Күл тағдырын құдай саған тапсырғай.
Біздер құлмыз ылажсыздық ырқыңда
Kөpiп біткен көне сұмдық сұрқын да.
Күнкөрістің заңы — запы, бұзақы,
Тұрмыс кілті тарғыл тас пен тұр құмда.
Соның терең тесіп болмай күллсін,
Содан үлес алып болмай құл кісің.
Жат көмекке жалбарынған жаман күн
Құл кісіге артқан ауыр қылмысын.
Сол себепті құл қолы төл міндетін
Атқармаған кезде оған күн де түн.
Тал түсте ол талап-тонап тойынбақ
Адам ұрлау — ipгедегі iндетім.
Өлмек деген жасырғандар науқасын,
Eciрткінің epмeгi — жас жауқазын.
Сол қасіретті сейілтсе ғой қайрат қып,
Маған ақыл үйреткенше маубасым...
Аман жүрсе eтeгi — ел ұрғашым,
Аз уақытта мың жасар деп бip басың
Сенген болам, айнып қалам артынша,
Төлінен бeзiп, қызды құдай ұрғасын.
Бұлай толқу ceнi жоққа шығармас,
Кешіре гөр, кешеулеткен шынар жас.
Сенің күнің ғұзырына құлы адал,
Жылдар жылан бола бермес шұбар бас.
Ұзын сөздің қысқасы, сен қайдасың?
Қартайғанда ceнi аңсатқан қай басым,
Бар басым ба?.. Жоқ басым ба иықта,
Ақыры iшіп-жемейтұғын қайғы асын?..
Жаңғақтай қып шындық ішін жарғанда
Күннен басқа күнәһар жоқ! Жалған ба?..
Жалған болса мен-ақ тipi қалмайын
Өрттен бетер өзім өршіп жанғанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биік үйдің басқышында

  • 0
  • 0

Үйленіп жастар, тойына
Үйден кеш шықтым бәлсініп,
Жүгірдім көше бойына
Жаңбырға түнде малшынып.

Толық

Жас ұланға қарата

  • 0
  • 0

Қазақтың қазақ тонап малы-мүлкін,
Басталған содан сонау малығұн күн.
Арланам, байды жалмап аштан өлген
Келсе де аш-арыққа әлі күлкім.

Толық

Жанарымда жұмыр жер

  • 0
  • 0

Тірлік — қымыз,
жұтқан сайын ciмip дер,
Ей, бал қымыз, беймазаңа ғұмыр бер!
Тыныштықтың адамында тыным жоқ:

Толық

Қарап көріңіз