Өлең, жыр, ақындар

Ендігі есеп

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 612
Дән термеймін өлеңнен ермек үшін,
Диқаншыдай ic қылмақ егде күшім.
Тоғаным мен қараймын топырағыма
Қалай өciп-енер деп енді eгiciм.
Тоған тозып, топырақ шөлдемесе
Аспан нұрын селдетсе әлденеше,
Толысқан тоқ дақылды майда самал
Машықтана тербетсе, әлдилесе.
Қызыл қырман думаны қызған сайын
Қамба толар қор жинап қозғалса айым,
Көңіл бірлеп, мен ішсем жас ұландар
Баппен құйған бал қымыз, қыздар шайын.
Өндіргенім ортаймай толып тұрса,
Соны өзімдей ақпейіл жолықтырса.
Содан қалған дәулет деп барын барша
Өзім жоқта бөтенге ол ұқтырса.
Жайса солай тамырын жеміс терең,
Қартайғанның қай жepi кеміс дер ең?!
Шыдай тұрса ет жүрек
егделігім
Солғын демей соны да мен icтep ем.
...Көз жұмғаным түк емес қас қағымда
Маған келер жол жатса бас жағымда.
Зады, сөйтер, —
болмыста болған емес
Қарттығыма қарыздар жас шағым да.

Қараша, 1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі жорық

  • 0
  • 0

Қаз-үйрек жоқ әлі ұшқан,
Қыс аспаны жұлдызды.
Ақ далаға алыстан
Алып шықты жол бізді.

Толық

Талдықорған сулары

  • 0
  • 0

Ағысы өжет те дарқан
Өсекке үш дүркін барғам,
Көркіне көзім қаныққан.
Жә тұтас өлшеп көрсең де,

Толық

Бұны да ескерейік

  • 0
  • 0

Болғай аман қала-қыстақ зілзаладан!
Болғай аман ай пәледен, жыл жаладан!
Бүтіндегей жыртық-тесік бұл тұрмысты
Елге сіңген еңбегімен олжалы адам!

Толық

Қарап көріңіз