Өлең, жыр, ақындар

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 5358
Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын,
Қонақты қондырмайтын сараңбысын?
Ер болмасаң, ердің жайын білер едің,
Шет жеоге жолаушылап барармысын?
Үйіңде әкең тұрып, өзің шықтың,
Берекет бұ мінезден табармысын?
Көрінер жүзің жылы бір көргендей
Танысып күні-түні бір жүргендей.
Байқаймын осы күнде еш ойың жоқ,
Құдайды бір, құранды шын білгендей.
Болған соң атың әйел шара бар ма.
Ер болсан қондырар ең тірілгендей.
Келдің бе осынша елге сыйлағаннан?
Аршын төс, алма мойын асылға қыз,
Айтамын жамандыққа қимағаннан.
Жоқ шығар құт құйдырған жұрттын бәрі,
Қартайса, кетед екен қыздан әрі.
Сұрасаң менің атым Әбубәкір,
Қауындай жеңсік көрген жұрттың бәрі.
Қыз болсаң сен де қонақ, мен де қонақ,
Қонақты қонақ қумақ болмас жол-ақ.
Үйінде өзі отырып, қыз шығарған,
Байқаймын, әкең менен шешең дорак.
Пиғылсыз, жазды күні қонба дейсін,
Тұр ма еді, қарың жауып, күнің борап?
Көргенмін талай жерде сендей қызды,
Беп-бекер сөйлей берме алдымды орап.
Бір қызсың жез оймақтай жымырылған,
Пиғылың жас басыңнан қуырылған.
Үйіне қызын қойып, өзі шықса,
Тая ма әке-шешең тұғырынан?
Жаярмын талай жерге дыбысынды,
Жүйрікпін әрбір топта суырылған.
Менің бұл айтқан сөзім жаман ба екен,
Сен қыздың түндегі айтқан сыбырыңнан?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заманның опасыз халіне Әбубәкір молданың айтқан өлеңі

  • 0
  • 0

...Жалған сөз азаматқа болды оңай,
Замана болды, халқым, әлде қалай?
Сөйлемей тілің тістеп отырмасаң,
Аузыңнан жалғыз кәләм шыққан сөзің

Толық

Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы

  • 0
  • 0

Бисмелла деп сөйлесем,
Тілге жәрдем бере көр,
Тіл жаратқан жәләлім.
Жанға жәрдем бере көр,

Толық

Әбубәкір молданың сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі

  • 0
  • 0

Әуелі туғаннан соң бірге жеттім,
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім.
Үш пенен төрт жасымда тілім шығып,
Шүлдірлеп ата-ананы ермек еттім.

Толық

Қарап көріңіз