Өлең, жыр, ақындар

Осылай сайран салып өзім өтем

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 367
Қаныммен жаулап алаған қайран бағым,
Қанжардай қажет дейді қайралмағым.
Iciм не күн мен түнде, келе берсе
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым.
Мұратым — мұң-шаттығым бөлінбейтін
Менің де пipiм бар көк бөpiм дейтін.
Жарық күн жасырынса, қала алмайды
Көкжалдың көзi болып көрінбей түн.
Көзімде түннің оты маздағаны —
Арланның азап-сордан азбағаны.
Сұқтансаң сұлулыққа, түк еместей
Жүректің тоқтап қала жаздағаны.
Қайғының қарыса да ызғары iші,
Өз елін өле сүймек қызғанышты.
Сол үшін дем біткенде талай тарлан
Қоштасып арманымен құздан ұшты.
Әзірше күйсе күйсін нақақ хатым,
Сатусыз өз жұртыма махаббатым.
Сұм ажал астамшылық icтeп көрген
Кеудеме зеңбірегін тақап та тым.
Демей-ақ содан сағым сына қалды,
Көрдім мен солайша да сынағанды.
Ол аздай талай жерде көпе-кернеу
Қызыл ит олжа қылды сыбағамды.
Сақылдап күлмесе де азаптағы үн,
Бәрін де келген іштей мазақтағым.
Бармақтай бар ғой шүкip бip құдайдан
Басқаға бағынбаған азат бағым!
Бip соны ұяты бар бетім дедім,
Жүдесем жүрегімнің етін жедім.
Сонда да бармын шүкір, кімге де мен
Бірдеңе бер деп маған өтінбедім.
Ей, пенде, көңілі мен көзi бөтен,
Сен менің келе алмайсың сөзіме тең.
Дәуірлі дәптерімнің ақ бетінде
Осылай сайран салып өзім өтем.

Желтоқсан, 1996
* * *
Қайдан шықса да қаңғырып,
Жаңғырық аты жаңғырық.
Даурықпай өркен жайса жөн
Жатқан жерінде жанды ұрық.
Жарық пен жылу, ылғалдан
Үлкендер біздің үлгі алған.
Қырық жыл қырғын болса да
Ұлағатты содан ұл қалған.
Қашанғы сертке бай үлгі
Қалпында жоқ деп байырғы,
Keмciнбe, кезең үстінен
Ырғысаң, саспай былай ырғы.
Ежелгі жұртпыз біз де шын,
Біздi де ipілік iздесін.
Бұла салт будандаспақ шарт
Ecкi салт кісен үзгесін!
Салттардан осы қосынды
Қазаққа қажет қос үлгі.
Ұмыттырып солар зауалды,
Көтереді көңіл хошыңды.
Жат тұстан шыққан жаңғырық
Жасай алған жоқ жанды ұрық.
Замандарға тағзым есейткен
Күйдіріп бізді жандырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасым Қайсенов

  • 0
  • 0

Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов –
Ертеңгіден ұзағырақ аңызым.

Толық

Жас достардың қаласы

  • 0
  • 0

Нүрек — қала, ici қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.

Толық

ТА... МА... ША...

  • 0
  • 0

Жерлесім!
Жерден жырақта
Зауладың кеше жекеше.
Жете алмай қиял жүр артта,

Толық

Қарап көріңіз