Өлең, жыр, ақындар

Көненің көрген күні

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 316
Бал қымызды зереннен сарқып iшceң,
Ығысатын дау-шардың салқыны іштен
Баяғының заманы-ай!.. Өтті, кетті
Кейінгіге қыла алмай салтын үстем.
Басқарса да бұл күнде елді кімнің,
Босағасы бос емес ендігінің.
Бара алмайсың сен оған,
Ceнi өлтіріп
Қалдырса да ертеңге ем бүгінін.
Қамын жесу бұл дағы бұқараның,
Осыны ойлап сәт сайын жұқарамын.
Бұзып-жарып кipep ем, әл құрыған, —
Бұйыртпады құдайым Бұқар әлін.
«Тұрымтайдай ұл едің» десем, жүрек
Қалар ма деп қорқамын есеңгіреп.
Табандарда тапталды дейтін дәстүр
Аға кici шенінен не шендірек?!.
Бәpi өзінше Президент, патша бәpi,
Аға сұлтан секілді атшабары.
Kepeгi сол оларға өз үйінде
Баласына жақ ашпай жатса кәpi.
Демократия дейтінің кіндік eлi
Қанша көш жер қашықта, кім біледі?
Kәpi-құртаң көре ме шет-шепірін? —
Десем мені мазақтап күн күледі

Қаңтар, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір досыма басалқы сөз

  • 0
  • 0

Қайраты жоқ жыламсақ жасық қайғы
Сен асықпай, сен үшін асықпайды.
Ақырын-ақырын жүйкеңді азық eтiп,
Үзілмеген үміттен қашықтайды.

Толық

Бөркіме көзім түскенде

  • 0
  • 0

Иа, алдымен бөріктімін,
Сосын көне көріктімін.
Бөріктіде көне сыртын
Кім өзіне көріпті мін?!

Толық

Қайтсін-ау...

  • 0
  • 0

Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.

Толық

Қарап көріңіз