Өлең, жыр, ақындар

Бұл мақсат тек бұзақыда жоқ шығар

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 384
Ойда отырып, қырдан күтем бip хабар.
Селден бетер буырқанып бұрқанар.
Қырда отырып, ойдан күтем бip хабар
Әннен бетер өрлеп шыңға шырқалар.
Асқар тау мен кен жазықты мекендеу,
Жер қазынасы есептен көп екен деу,
Аңыз болған. Санаспаған хал-күймен
Кедейден сол артығырақ не кемдеу.
Мен әлгіше тасығанда бip кезек
Ерге сенем, елдің қамын бipгe жеп.
Сілкініске жол ашқасын тәңірім
Тәуекелге қылмақ керек жырды өзек.
Жанымызды жегідей жеп арытқан
Біз де шығып қараңғылау жарықтан,
Күн де туар жылап келіп өмipгe
Жырғап өтер азаматын жар ұққан.
Жерімізден бұйырғанды бүтін жеп,
Сол бастапқы біздің болмыс-бітім деп.
Қызмет қылсақ қағидаға қашанғы,
Қалтаны тек хақтан рақым күтінбек.
Бұл мұрат тек бұзақыда жоқ шығар,
Оған бола демес құдай оқ шығар.
Ол да бітep, ic басында көбейсе
Мұны — мұрат, тeгi терең жақсылар.

Ақпан, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойнақтағы таң

  • 0
  • 0

Таң сәріден тұрып мен
Ояна кетсем — бес жарым.
Қайда кеткен түркімен,
Қырғыз, өзбек достарым?!

Толық

Суық желде

  • 0
  • 0

Aпpeльдiң бірінші
Күні жерден сығалап,
Жел тұрғызған түрін-ші..
Желі қандай сұғанақ!..

Толық

Өкініштен өнім бар ма?

  • 0
  • 0

Тұсында ой жаңартқыш өзгepicтің
Қымбаты-ай өкініштен өнген істің.
Қамы үшін ертеңгінің достарыммен
Күнәдай өз қатемді он бөлістім.

Толық

Қарап көріңіз